ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Павлодар жастары Универсиада жеңімпаздарымен кездесті!

Алматыдағы қысқы Универсиада еліміздің спорттық тарихында орын алған елеулі оқиға! Алатаудың баурайындағы Универсиадаға әлемнің 60-тан астам елінен, сайдың тасындай іріктелген 2000-нан астам спортшылар қатысқан болатын.

Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын абырой мен қорғап, атой салып келген Павлодарлықтарда жоқ емес. Олардың қатарынада Анна Шевченко, Антон Пантов, Ирина Быкова сияқты жерлестеріміз тіпті жеңіс тұғырынан көрініп жатты. Мысалы, Анна Шевченко Алматыдағы қысқы Универсиаданың 1 алтын, 1 күміс, 3 қоласына қол жеткізіп, Универсиада тарихына енді.

Бүгін Павлодар обылсы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де қысқы Универсиада жеңімпаздарын салттанатты ұлықтау шарасы болып өтті. Күннің сенбісіне, суығына қарамастан келген халықтың қарасы көп болды.  Спортшыларды дүйім ел ыстық ықыласпен, тікесінен тік тұрып қарсы алды.

Универсиада батырларын қарсы ал елім,

Жанға серік спортты қылған үлгі.

Анна қыз жалғыз өзі бес медаль ап,

Алматыда қақты ғой тың дабылды.

Шаңғы емес, шалқұйрыққа мінгендей боп,

Намысқа көрдік қамшы ұрғаныңды, - деп басталған жас ақын Оразбек Бақытханның да арнау жолдары қалың көпшілікті де, спортшыларды да серпілтіп тастады.

Қысқы Универсиада жайлы бейне-роликті көрген кезде тіпті,спортшылар көз жасына ерік берді. Спортшылар қойылған сұрақтарға да жауап берді. Анна сіз жарысқа аттанып бара жатқан кезде 1 емес 5 рет жеңіс тұғырынан көрінемін деп ойладыңыз ба? Сол сәтте қандай сезімде болдыңыз деген сұраққа:

-          Шынымды айтсам, 5 рет жеңіс тұғырынан көрінемін деп ойламаппын. Алғашқы медальімді алғаннан кейін енді қайтіп бұл жерге оралмайтын шығармын. Осы бір жеңіс ләззатының дәмі осымен бітті ме деп көңілім жабырқағандай болды. Бірақ маған 5 рет  Көк туымызды желбірету бұйырған екен, -деп ағынан жарылды.  Сонымен қатар спортқа қалай келгендігі, алдағы жоспарлары туралы да бөлісті.

Кездесу соңы спортшылардың жанкүйерлерге қолтаңба таратып, фото-суреттерге түсуімен аяқталды.

авторы: Алтынбек Мақсатхан