ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстан кәсіпорындарындағы келеңсіз жағдайлар саны 2,4%-ға азайды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Ең қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша өткен үйлестіру кеңесінің отырысында, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ахмади Сарбасов мәлім етті. Жиынға мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

«2016 жылы елдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда, келеңсіз жағдайлар салдарынан 1683 адам зардап шекті. Бұл, 2015 жылмен салыстырғанда (1723 адам), 2,4 пайызға аз», - деді ол.

Ахмади Сарбасов, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, арнайы өндірістік кеңестер құру арқылы кәсіпорындарда қазіргі заманғы қауіпсіздік және еңбек қорғау жүйесін қалыптастыруға арналған жаңа Еңбек кодексі күшіне енгенін жеткізді. Кеңес шешімі жұмыс беруші үшін орындауға міндетті сипатта болмақ.

«2016 жылы, кәсіпорындар ауқымында, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері жөнінде 11 мың 215 өндірістік кеңес құрылды. Оларға еңбек қорғау бойынша ішкі бақылауды жүргізу жүктелген», - деп өрбітті Комитет төрағасы.

Комитет басшысы, сондай-ақ, былтыр өңірлердегі мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мың 734 тексерісті қолға алып, нәтижесінде жұмыс берушілерге жіберілген қателіктерді жоюға байланысты жалпы сомасы 603,5 млн теңгеге 7 мың 113 ескерту берілгенін және де 4 мың 182 әкімшілік айыппұл салынғанын айтты.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының талап етуімен, жұмыс берушілер тарапы, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерін бұзуда кінәлі деп танылған 73 қызмет иесін орнынан босатты. Жұмысшылар өмірлері мен денсаулығына шын мәнінде төнген қауіп-қатерді ескере отырып, еңбек инспекторлары 66 станок пен өзге де құрал-жабдықтың, 29 өндірістік нысанның жұмысын және 16 ұйым қызметін тоқтатты немесе тыйым салды. Заңбұзушылықтарға жол берген кінәлі қызмет иелерінің қылмыстық жауапкершілігін қарастыру барысында, мемлекеттік еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына 1 мың 656 іс құжатын жолдап, 219 қылмыстық іс қозғалды», - деп тұжырымдады Ахмади Сарбасов.

Жиын барысында еңбек жағдайына қатысты өндірістік нысандарды аттестаттаудың жаңа тетіктері, сонымен қатар, елдегі кәсіпорындардың еңбек қорғау мен қауіпсіздікті сақтау тұрғысындағы ағымдағы ахуалы талқыланды.