«Әдебиет порталының» жаңа нұсқасының таныстырылымы
Астана қаласы Назарбаев университетінде Әдебиет порталы" жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті.
Таныстырылым кешіне әдебиет майталмандары Төлен Әбдік, Мырзатай Жолдасбеков, Алдан Смайыл, ақын Қалқаман Сарин сынды тұлғалармен қатар басқа да қаламгерлер келді.
Қонақтар әдеби кеш басталғанша, әдемі әуен аясында сыр-сұхбат құрып отырды.
Кешке Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та қатысып, өлең оқып берді.
Танымал жазушы, драматург Төлен Әбдік те өзінің туындысын тарту етіп, портал ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Әдеби кеш барысында күмбірлеген күй де орындалды.
Көрермен қауым әдеби кештен әдемі әсер алып отырды.
Жаңа жобаның таныстырылымы тәмамдалғаннан соң портал жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Кеш соңында келген қонақтар және портал ұжымы естелік суретке түсті.
Қонақ боп келген қоғам қайраткерлері арнайы ұйымдастырылған фуршетте бас қосып, әдемі әңгімелерін жалғастырды.
Фуршет басынан шетелдік қонақтар да табылды.
Осылайша "Әдебиет порталының" жаңа жобасының таныстырылымы жоғары деңгейде қорытындыланды.
Материалда қолданылған суреттер http://adebiportal.kz порталынан алынды.
