ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

«Қанатыңды кең серпі !!!»

ҚазҰАУ студенттері қыздар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан ХХVIII Қысқы Универсиаданың күміс жүлде иегері, спорт шебері Айза Имамбекпен кездесті.

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университеті, агробиология факультетінің ұйымдастыруымен ел спортшыларын ұлықтау мақсатында оқу орнының Мәжіліс залында "Қанатыңды кең серпі!" атты шара болып өтті. Шараға орай Мәжіліс залы арнайы безендіріліп, көрермен лық толды. Басты қонақ Айза Имамбек пен əкесі Эфрат Бағдатұлы есіктен кіргеннен , халық қошаметін аямады. Талантты биші ұл-қыздардың қазақи биімен басталды бұл шара.

Кездесу барысында жүргізуші Балғалиев Нұрлан Универсиада тарихына шолу жасап, спортшының жарыс кезіндегі өнері жайлы бейнематериал көрермен назарына ұсынылды. "Бұл - біздің ортақ жеңіс, Қазақстанның жеңісі. Сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мəртебе!"-деп ҚазҰАУ проректоры Зарина Қайратқызы шараны ашты.

Шараның негізгі бағдарламасы "Сұхбат айдарында" ұстаздар , белсенді студенттер сауалдарын қойып, танымдық сұхбат жүргізді. Ал агробиология факультетінің 1-курс студенттері Оразбекова Лəззат пен Өмірзаққызы Гүлденнің арнау өлеңдері көрермен ықыласына бөленді.


Кездесу соңында факультет деканы Махамедова Бағлан Жақыпбайқызы спортшымызға сəттілік тілеп, факультет ұжымы атынан Тұмар патшайым бейнесі бедерленген қолөнер бұйымы мен университеттің 85 жылдық мерейтойына орай жазылған "ҚазҰАУ-ға 85 жыл!" атты энциклопедиясын табыстады. Спортшы қыз: "Халық қолдауының мен үшін маңызы зор. Бағындырар белестер əлі алда! Мен еліміздің туын желбіретуге бар күшімді саламын. Себебі, бұл - менің Отаным, кіндік қан тамған жерім. Ал туған жерге не жетсін?!"-деп оқу орнына, жиналған көрермендерге алғысын білдірді.
Кездесуден соң Қазыбек Нұрбек "Көк тудың желбірегені" əнін орындап, көпшілік спортшымен естелік суреттерге түсті. Келелі шараның бейнематериалын 11 ақпан, сағат 19:10 да НТК телеарнасынан тамашалай аласыздар.  

...Бүгінде Айза Имамбек Алматыдағы Спорт жəне Туризм академиясының І курс студенті. Қатысқан жарыстарында Құрманғазының "Адайына", Дәулеткерейдің "Көрұғлысына", Нұрғиса Тілендиевтің "Толғауына" билеп, қазақ күйлерін өзге елдерге танытып келеді. Спортшының мемлекеттік бапкері Құралай Узурова мен спортқа жетелеген əкесі Эфрат Бағдатұлына айтар алғысы шексіз. Небəрі 17 жасында төрткүл дүниені дүр сілкіндірген Қысқы Универсиадада ел қоржынын күміс жүлдемен толықтырған Айзаға 2017 жылдың 20 ақпан күні Жапонияның Саппоро қаласында өтетін жарыста сəттілік серік болсын дейміз.


Арай ЖҰМАТАЙ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,         жалпы журналистика                     факультеті, 1-курс