ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды

2017 жылдың 2 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің эксперттік тобының қызметтік кездесуі өткізілді.

Қызметтік кездесуге Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов төрағалық етіп, оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің хатшысы Б.З.Ашитов, Агенттіктің бас консультанты А.Қ.Байшолақов, БҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қ.Х.Қапанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшылығы мен Департамент қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша шаралар мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің хатшысы Б.З.Ашитов баяндама жасады.