Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті
Үйлену тойы – кез келген адам өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Ал, ғашықтар болса өз кезегінде тойларын ерекше қылып өткізгісі келетіні белгілі.

Осы мақсатта Павлодар қаласында, 1 наурыз күні, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен аймақтағы «той-бизнес» өкілдерінің барлығы жиналған «Менің тойым» үйлену той жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты – өңірдегі той индустриясының дамуына серпін беру және отбасын құруға ниетті жастарға арналған көмек болып табылады.

Осы күні Павлодар Event инстустириясының үздік мамандары, үйлену той салондары, мерекелік агенттіктер, жүргізушілер, асаба, шоумендер, фото-видео студиялар, ерекше жанрдағы әртістер, барлығын бір орынға жиналып, өз жұмыстарымен таныстырды.

Қатысушылар арасында лоторея ойнатылды. Жеңімпаздарға тегін фото сессия мен тегін флешмоб қойылымына сертификаттар табыс етілді.

Іс-шараның аяқталысымен жастар өз таңдауларын жасай алды, ал той агенттіктері сұраныс пен танымалдыққа ие болды.

Алтынбек Мақсатхан
