ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Л.Ж. Дүйсеновке және «Жарқайың ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы А.А. Хасеноваға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзды.

Сондай-ақ, Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкімі Ч.Н. Темербековке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзды.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы Е.О. Есіркеповтың, Зеренді ауданы әкімінің м.а. Е.Қ. Жүсіпбековтың, «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы Н.М. Мұқановтың қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есептері тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.
Департамент госслужбы