ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ: «Универсиада Қазақстанға не берді?..»

Əне-міне дегенше, 28-ші рет ұйымдастырылған Бүкіләлемдік Қысқы спорт ойындары да өз мəресіне жетті. 1905 жылдан негізі қаланған спорттық жарысты өткізу биыл бізге бұйырды. Естеріңізде болса, спорттың 12 түрінен бақ сынаған Қазақстан жастары қоржынға 36 медаль салып, топтық есепте ІІ орыннан бой көрсетті.
Олимпиада өткізілгеннен "өтедісі" қызық болған сыңайлы. Оған себеп, қалың көпшілік көкейіндегі "Универсиада бізге не береді?" сауалы сенімсіздік тудырғаны аян. Жарыс өтті. Ел тынышталды. Енді ештен кеш жақсыға көшіп, "Универсиада бізге не берді?" деген сұрақ жауабын өзімізше топшылап көрелік.
Біріншіден, қонағын "Құдайындай " күткен қазақ үшін бір апта оңынан туды. Оңтүстік астанамызда кезінде "орынсыз" қаланған көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, спорттық жарыс өткізілетін көпсалалы 8 нысан бой көтерді.
Екіншіден, арнайы жұмылдырылған еріктілер тобы көпшілікті ақпаратпен қамтамасыз етуде біршама тəжірибе алмасты. Спортшыларды көк жəшіктен ғана көріп "сырттай" қолдау көрсеткен олар осы жолы оңтайлы сəтте орайын тауып "шынайы" қолдау білдірді, күнделікті қауышып көз үйретті. Жə, əңгіме басы бұл болмаса керек. Бастысы, ізденіске ұмтылған жастар тобы жаңа дос, ерекше жұмыс тапты.
Үшіншіден, спорт - елді біріктірер басты күш ! 28-ші рет ұйымдастырылған Қысқы Олимпиаданың негізгі жетістігі де сол: өзге ұлттар басы "қайнаған қазанда" тоғысты. Сонымен қатар, 55 елден 2000-ға жуық спортшы қатысумен қатар, жасыл қала ауасымен тыныстап, қазақ елінің қонақжай, жерінің ұланғайыр екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Универсиада Қазақстан халықтары есінде жоғарыда аталған жетістіктермен қалары сөзсіз. Ел жастары осыған дейін 8 қысқы спорт жарысына қатысып тəжірибе шыңдаған. Десе де, 2017де өткізілген аталмыш Олимпиадада жеткен жеңіс "бұрынғы жетістіктен өзгерек..."
Біткен іске сыншы көп, түйін біреу: Универсиада 2017 ел спортшылары үшін сабақ , ел үшін сенім мен қорқыныштан құралған "сынақ" болды. "Сен тұр, мен атайындар" бабы мен бағы қатар шауып, артылған сенімді ақтады. Шынайы, əрі əсерлі ойын арқылы бұрын-соңды көзі көріп, құлағы естімегендер "Универсиада" иісін сезді. Ал бағы бір адым кем қалған ел спортшылары алда талай спорттық жарыстарда "Қанаттарын кең серпиді" деген сенімдеміз!

Арай ЖҰМАТАЙ,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жалпы журналистика факультеті, І курс
