Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды

А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының бастау алуына арналған брифинг өтті.

Марафон 1 наурыздан бастау алады және жылдың аяғына дейін өтеді. Дүние жүзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтілетін 9 желтоқсан  күні Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда марафонның нәтижелері  жарияланады.

Марафон барысында: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дар, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар және жұмыстың т.б. түрлі нысандары іске асырылатын болады. Іс-шараларға  мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, халықтың барлық топтары қатысады деп жоспарлануда.

Облыстық марафонның қорытындылары бойынша өңірлердегі үздік іс-шаралар қамтылған  деректі бейнеролик түсіру  жоспарланып отыр. Барлық жұмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасауға және қоғамда сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

Облысымыздың барлық өңірлерінде  2016 жылдың  1 сәуірінен 9 желтоқсанына дейін өткен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының   аясында Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған 380-нен     астам іс-шара өткізіліп, оларға 40 мыңнан астам ақмолалықтың қатысқанын атап өткен жөн. 2016 жылдың 9 ақпанында Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумы өтті. Форумда  Марафонның қорытындылары шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі  үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды.Департамент госслужбы

0
0
431

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды - Yvision.kz