ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай сырғанау күні өтті

Бүгін «Алау» мұз айдыны сарайында көктемгі марафон  аясында жаппай сырғанау күні ұйымдастырылды. 18-наурыздан бері өткізіліп жатқан көктемгі марафон сырғанақ тебуді ұнататын Астаналықтар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Өйткені, бұл күндері сырғанақ үшін 5 сеанс ашылады. Сонымен қатар, көктемгі марафон күндері мұз айдынына кіру бағасы арзандатылып, түрлі акциялар ұйымдастырылады.

Осындай акцияның бірі бүгін өткізілген «2+1» акциясы. Яғни, мұз айдыны сарайының қонақтары екі толық билет сатып алып, 3-ші билетті жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін мұз айдыны сарайы әдеттегі күндермен салыстырғанда кісі қарасына толды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі марафон 26-наурызға дейін жалғасады. «Алау» мұз айдыны сарайының есігі  таңертеңгі 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін  ашық.