«Ақбілек» романын тағы да қайталап оқып шықсам деген ниет бар
Достар, сәлем! Yvision.kz сайтына жаңадан қосылған қолданушымын, әзірге. Өзімді "блогер" деп таныстырғаным ұяттау секілді. Дегенмен де, бала кезден қазақ халық ертегілерін оқып өсен жанмын. Шыны керек, халық ертегілерін мектеп табалдырығын аттағаннан бастап - ақ, мектеппен қоштасқанға дейін кітапханадан шықпай, кітаптарды үйге алып келіп оқитынмын. Оқушы кезде қазақ әдебиетінен үздік оқыдым. Ақын, жазушылардың шығармаларын, романдарын сүйіп оқыдым. Содан болса керек, колледж қабырғасында жүріп, газет - журналдарға мақала жаза бастадым. Кітап оқыған өте қатты ұнайды.
"Қазіргі жастар кітап оқымайды" - деген пікірмен мүлде келіспеймін. Бәріне топырақ шашу керек емес. Өз ойым. Оқимын, оқимыз да, оқып та келеміз. Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романын тағы да қайталап оқып шықсам деген ниет бар.

Соңғы оқыған кітабым Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" атты туындысы.

Кітапты 2 -3 күнде оқып бітірдім. Кітап ауызекі сөйлеу стилінде жазылған. Оқуға жеңіл. Автор өзінің өмірде болған қиындықтарымен, кеңестерімен бөліседі. Жалпы ұнады.
Ал, достар маған қандай кітап оқуға кеңес бересіздер? Пікірлеріңізді күтемін. Назарларыңызға рахмет!
