Yvision.kz
ru
Разное
399 781 жазбалар43 тіркелуші
Всяко-разно
0
11:01, 23 наурыз 2017

Бүгін «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бүгін Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы "MEGA Silk Way" салтанатты түрде ашылды. Бұл рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қатысты. Ашылу рәсімі үлкен мерекелік бағдарламаға ұласты. Қонақтар назарына қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен сауда керуені ұсынылды. Сағат 18:00-ден бастап әуе гимнасттары мен акробаттар өнер көрсетті. Қонақтар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, түрлі шеберлік сыныптары өтті.
Ғимараттың ішкі дизайны жиналған xалықты таң қалдырды.
"Silk way", яғни "Жібек жолы" атауын алған бұл ғимарат өз атына лайықталып салынғаны байқалды.
Батыр бейнесіндегі аниматорлар, керуен күймелері, қабырғаға салынған көш бейнесі нағыз керуен жолын еске түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, "MEGA Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығы 6 наурызда теxникалық тұрғыда ашылған болатын. Бұл көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен "MEGA" сауда-ойын-сауық орталығы болып табылады.

0
453
0