Өмір
Өмір - саған құштармын,
Самғап, ұшқаным.
Сенен алған күш жолым,
Өмір - биік асқарым.
Жүрек дастаным,
Махаббат сөнбе, сөнбе, сөнбе.
Қайырмасы:
Сен - келесің жүзіп, өмір айдында - ақ кеме.
Мен - үмітімді үзбей, күтемін бақыт тек сенен.
Жарқырасын менің де, сенің,
Көгіңде жанған жұлдызың.
Өмір - тыныс арнасы,
Уақыт жалғасы, алмасады, шаттық мұң.
Өмір - дауыл соқсаң да, дабыл қақсаң да,
Сүйемін сені өмір, өмір.

Бұл керемет туынды елімізге белгілі әнші Әлішер Каримовтың орындауындағы ән болатын. Әннің сөзін жазған Ясира Заханқызы, әні Ұлықпан Жолдасов.
Менің сүйікті әндерімнің бірі. Ал, құрметті оқырман сіз өмірге қаншалықты құштарсыз?