ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын «22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алаңында полиция қызметкерлері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – полиция  қызметкерлері  арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып  спорттық даярлығын көтеру болып табылады.

Аталмыш спорттық шараға Қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған 9 команда  қатысып, арқан тартудан, гір көтеруден, қол күрестен бақтарын сынады. Сайысқа басқарманың басшылық құрамынан құралған төрешілер алқасы төрелік етті.

Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық дода өте тартысты өтті.

Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Криминалды полиция бөлімі командасы иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды. ІІ орынды Анықтау бөлімінің құрамасы қанжығасына байласа, Уақытша ұстау абақтысының құрама командасы жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Шара соңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағам – наурыз көже құйылды.

   

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі