Мазмұнға өту

Жаңа

БҚАТУ студенттері «Адал бол» акциясының эстафетасын қабылдады

2017 жылдың 10 сәуірде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері республикалық «Адал бол» акциясын қолдады. Содан, акцияның эстафетасын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттеріне жолдаған болатын.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірде БҚАТУ студенттері акцияны қолдап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған «Адал бол! Жемқорлыққа жол жоқ» флэшмобын өткізді.

0
0
683

БҚО-да студенттер «Адал бол» акциясын қолдады

«Адал бол» республикалық акциясының шеңберінде жоғарғы оқу орындарында түрлі шаралар өткізілуде. 2017 жылдың 10 сәуірде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде алғашқы шараның бірі – «Жайдарман» ойыны өткізілді. «Жайдарман» ойындары – театрландырылған шабытқа баулитын, эстетикалық тәрбиенің дамуына және студенттердің ұйымшылдығын дамытатын, талантты жастардың қоғамдық ой-пікірін білдіретін алаң. Ойынға университеттің түрлі факультеттерінен құралған 6 команда қатысты. Әділқазылар алқасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері және «Жайдарман» жоғарғы лигасының өкілдері болды. Сайыста командалар қызықты да ұтымд…

0
0
486

Мобильдік топ мүшелері студенттерге дәріс оқыды

2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері ЖОО студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің 200-ден астам студенті мобильдік топ өкілдерінің дәрісін тыңдады.

Мобильдік топ өкілдері студенттерге әр адамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде айтты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын өздерінің жас ой-пікірлерін  білдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларда белсенділік танытуға шақырды. Дәрістің соңында еріктілер студенттерге жадынамалар мен буклеттер таратты.

0
0
473

Мобильді топтың аудандардағы көшпелі кездесуі

2017 наурыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы құрылды. Мобильді топ мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастыру дың негізгі міндеттерін түсіндіріп, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізіп және азаматтардың арыз-шағымдарын қарайтын болады. Ағымдағы жылдың 12 сәуірде мобильді топ мүшелері облыстың Ақжайық ауданында көшпелі кездесу өткізді. Көшпелі кездесудің шеңберінде комплексті шаралар ұйымдастырылды. Аудандық әкімдіктің ғимаратында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен, аудан әкімі А.Т.Жоламановтың және аудан актив…

0
0
406

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту

2017 жылдың 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен мемлекеттік органдардың Қоғамдық кеңестерінің өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді. Селекторлық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыстарды күшейту және осы бағыттағы қызметті одан әрі жетілдіру, қызметтік этиканы сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге қатысты мәселелер көтерілді. Кеңеске аймақтар онлайнбейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Батыс Қазақстан облысында кеңеске Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, мемлекеттік органдардың және мәслихат басшысы, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты. Кеңесте мемлекеттік о…

0
0
230

Мобильдік топтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы облыс аумағында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға қабылдау өткізеді.

Осындай кездесулердің бірі 2017 жылдың 6 сәуірде Орал қалалық №2 ауруханасында өткізілді.

Кездесу барысында мобильдік топтың мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған мобильдік топтың жұмысының мақсатымен таныстырды.

Кездесу кезінде шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, мобильдік топ өкілдері оларға нақты жауаптар берді.

0
0
294

Мобильдік топтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы облыс аумағында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға қабылдау өткізеді.

Осындай кездесулердің бірі 2017 жылдың 6 сәуірде Орал қалалық №2 ауруханасында өткізілді.

Кездесу барысында мобильдік топтың мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған мобильдік топтың жұмысының мақсатымен таныстырды.

Кездесу кезінде шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, мобильдік топ өкілдері оларға нақты жауаптар берді.

0
0
313

Мобильдік топтың орта білім беретін мектептердегі кездесуі

2017 жылдың 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топтың кезекті кездесуі Орал қалалық №33 мектебінде өткізілді.

Шараға мектептің басшылығы, оқытушылар құрамы және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында мобильдік топ өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндірді.

0
0
415

Жұмысшы жастар «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Ақсу ферроқорытпа зауытында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, "ЭКСПО-2017" еріктілері Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшы жастар Кеңесінің белсенділерімен кездесуі өтті. Кездесуге 80-нен астам зауыт адамдары қатысты. Кездесу барысында еріктілер өз жетістіктерімен және олар "ЭКСПО-2017" еріктілері болу үшін қандай жұмыс жолын атқарғанымен бөлісті. Зауыт жастар үшін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы шағын лекция туралы өтті, билеттерді қалай және қайдан сатып алуға болатынын түсіндірді. Дәрістер қорытындысы бойынша еріктілер "ЭКСПО-2017" тақырыбына қатысты викторина өткізді, онда сұрақтарға дұрыс жауап беруге керек еді. Еріктілер ауыр сұрақтар дайындады. Барлық сұрақтарына дұрыс жауап бергенге, еріктілер "ЭКСПО-…

0
0
754

Атырауда экономикалық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу практикасының мәселелері талқыланды

Бүгін Атырауда экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер мен «Заңдылық» ақпараттық- талдамалық жүйесінің жұмысын талқылауға арналған аймақтық семинар өтті. Аталған іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді. Семинар жұмысына Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев, батыс аймағындағы (Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары) облыстық соттардың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері…

0
0
1181