БҚАТУ студенттері «Адал бол» акциясының эстафетасын қабылдады
2017 жылдың 10 сәуірде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері республикалық «Адал бол» акциясын қолдады. Содан, акцияның эстафетасын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттеріне жолдаған болатын.
Ағымдағы жылдың 13 сәуірде БҚАТУ студенттері акцияны қолдап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған «Адал бол! Жемқорлыққа жол жоқ» флэшмобын өткізді.
