Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильдік топтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы облыс аумағында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға қабылдау өткізеді.

Осындай кездесулердің бірі 2017 жылдың 6 сәуірде Орал қалалық №2 ауруханасында өткізілді.

Кездесу барысында мобильдік топтың мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған мобильдік топтың жұмысының мақсатымен таныстырды.

Кездесу кезінде шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, мобильдік топ өкілдері оларға нақты жауаптар берді.

   
0
0
279

Осы тақырып бойынша

Мобильдік топтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуі - Yvision.kz