Мазмұнға өту

Жаңа

Аружанға хат!!

Сәлеметсізбе Аружан мен сіздерге қазақ-тілінде жазып отырмын себебі мен қазақша тілде окығанмын Мен сіздерге хат жазып отырған себебім менін балам Бекасыл 3-жасынан бастап буирек ауруымен ауырып келеді 3-жасында қатты ауырып ауруханага ауырып тусті сонда білінді балам Жалгыз буирекпен екені сол жагы туылғанынан жок Он жагы арен жумыс істеп тұрғаны міне содан бері алі ауырып жазылмай келеди дәрігерлер койған диагноз Хроническиййгломерулонефрит,нефр итическая форма в стадии обострения Жие жатып ем алып турады ешкандай нәтиже жок алі Мурыны күніне 5-6-марте канайды Өзім жалгыз басты анамын куеуім бізді тастап кеткен жагдайым жок пәтер жалдап турамыз кутім жок ешкандай сіздерден отініп сураймын бізге комек берсеніздер баламды карап жумыс истей алмаймын бір пасобия мугедектік ештенеге жетпеиди…

0
0
1305

Біз сөкті деп...

Мына жарық дүниеге келген әр адамның діттегені болып, ойлағанның орайы келіп, асығы алшысынан түсіп, қайғы - мұңсыз өмір кешуі ежелден - ақ екіталай дүние екені талас тудырмасы анық. Алайда «біреудікі біреуге қыз көрінер» демекші әр тағдыр иесісі өз басына үйірілген сәтсіздіктің қара бұлтын ғана көріп, айнала төңірегіндегі адамдардың тағдыр - талайына жете мән бермеген. Олардың да шуақты күндерімен қатар басына бұлт үйірілген сәттері аз болмайтынын есепке ала бермейді. Ең бастысы, өз басындағы сәтсіздіктің бастау көзі қай тұста, оған не себеп екендігіне ой жүгіртіп жатпайды. Қиыншылыққа қарсы тұру, оған қарсы күресу қаперіне кіріп шықпайды. Содан барып тәңірге, қала берді жарық дүниеге өкпе артады. «Жалған дүние...» осы бір сан көкіректі жарып шыққан өкініш пен өксікке толы сөз тіркесі ат…

0
0
858

Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға

Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен…

1
0
1100

Бейбіт, тыныш Қытай экономикалық экспансиясы мен саяси отарлауының қалай өтетіндігі туралы.

Назарбаев пен ҚХР келісімдеріне сәйкес, 5 жыл бойы қытайлық инвесторларға өндірістік қажеттіліктерге, 51 қытайлық зауытты көшіруге және құрылысқа елдімекендерден, ауылдардан, аудан орталықтарынан, қалалардан 3-5 км жерде жер телімдері берілетін болады. Бұл жергілікті қазақ халқы қытайлардың жаппай орналасып жатқандығы туралы көрмеуі және естімеуі үшін керек. Қытай зауытының басқару аппараты қызметкерлерінің, жұмысшы персоналының, құрылысшылардың, инженерлердің, слесарьлардың, жөндеушілердің, тех персоналдың, күзетшілердің, аспазшылардың, мед.персоналдың саны мұқият жасырын ұсталады. Зауыттармен бірге әлеуметтік инфрақұрылым объектілері де салынатын болады: жатақханалар, барактар, тұрғын үй кешендері, ықшам аудандар, емханалар, ауруханалар, мектептер, дүкендер, Сауда-ойын-сауық орталықтары…

1
0
567

Әбраханың Қағбаға жорығы

(Аңыз) Шөл далада шөліркеп өмір кешкен, Арабтарды жәһилия айырды естен. Адам деген атауы қалса дағы, Қараңғылық түнекте өніп-өскен. Ада болған иманнан, рухтан да, Адасқандар ақ жолдан мұны ұққан ба? Күпірлік пен азғындық құныққанға. Адам адам болудан қалған заман, Шіріктің, надандықтың аулынан. Малша өрген ояна сап тұрып таңда, Ат басын бұрғызатын күпірліктен Түбіне жететұғын сәулелі адам. Туса деп тілесе де тілін тістеп, Зорлық пенен қорлыққа өзін күштеп. Көндірген құл да болған, күң де болған, Күрсініп күңіренген тынып іштен. Сол тұста сенім-наным дегендерің, Секілді еді көп құдайға көгендеулі. Тас, тақтай, халуадан пұт жасап жұрт, Солардан тілек тілеп, елеңдеді. Ештеңеге сенбейтін біраздары, Аятта бұлар жайлы былай деген. -Сендерге өмір берген Құдай деген. Өлтіретін, қияметте тірілтеті…

0
0
1757

Көп созбай латын әліпбиіне ертерек өту керек

Латын әрпіне өту идеясы Елбасының аузынан алғаш рет 2012 ж. шыққан болатын. Ол кезде мүмкін ертелеу болған шығар. Енді кешеуілдетуге болмайды. Біріншіден, латын әліпбиіне ауысу бізді халықаралық қауымдастықпен интеграциялануымызды жеделдетеді. Екіншіден... Әркім әр мәселеге өзі отырған төбешіктен қарайды.. Мектеп мұғалімі болғандықтан мен әліпби ауыстыру мәселесіне де білім саласының призмасынан қараймын.. Жыл сайын Қазақстан мектептерін бітірген балаларды РФ ЖОО-ы жәй ғана әңгімелесу арқылы өздеріне тартып әкетіп жатыр. Және ең білімді түлектерімізді әкетіп жатыр. Мәселен, мен жұмыс істейтін қазақ-орыс мектеп-лицейінің орыс сыныптарын жыл сайын 50-ге жуық түлек бітірсе, соның жартысынан көбі Ресейге оқуға кетеді. Көпшілігі сол елдің азаматтығын алып, қалып қояды. Бір жағынан демографиялы…

4
0
515

«Қазақстан» РТРК» АҚ ның кино және телехикая өнімдері халықаралық нарыққа жол тартпақ!

Ақпарат: Бұл, Қазақстан РТРК АҚ ның басты стратегиялық бағыттарының бірі. Дәл бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадиотарату корпорациясының Бас директоры Илим Карыпбеков серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Сөз мәйегі: Құжатқа Бішкекте өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның сериалдық өнімдерін таныстыру аясында қол қойылды. Шараның мақсатын айта кетсек, Қазақстан және Қырғызстан арасында меншікті кино және телехикая өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру. Маңызды: ҚР Үкіметінің қолдауымен «Қазақстан» телеарнасы жылдан-жылға отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді. 2009 жылы алты бөлімді «Ағайынды» драмасы өндірілді. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен түрлі жанрда 62 телехикая түсіріліп, к…

0
0
431

БҚО-да БАҚ өкілдері үшін тимбилдинг өткізілді

2017 жылдың 13 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында тимбилдинг түрінде семинар-тренинг өткізілді. Қазіргі уақытта тимбилдинг толыққанды даму мен өзара қарым-қатынаста тиімді инструмент ретінде корпоративті менеджменттің перспективті моделіне айналуда. Шара мемлекеттік органдар мен БАҚ арасында тиімді өзара қарым-қатынасты орнату және оны көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің өкілі М.Г.Харесова, мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері және тимбилдинг бойынша мамандардың қатысуымен өткізілді. Шараға қатысушылар топтық ойындарға және психологиялық…

0
0
848

Сыбайлас жемқорлық және тәртіптік құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік

2017 жылдың 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ҚР АШМ-нің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің БҚО бойынша аумақтық инспекциясы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.С.Жұбаныш, инспекция басшылығы мен қызметшілері қатысып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік мәселелері қаралды. А.С.Жұбаныш өз сөзінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін…

0
0
623

«Сыбайлас жемқорлық мақсаты үшін салық саласында жауапкершіліктен алып кетудің өзекті мәселелері»

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында «Сыбайлас жемқорлық мақсаты үшін салық саласында жауапкершіліктен алып кетудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге МҚІжСЖҚІҚА БҚО Департаментінің, аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Шағын бизнес Орталығы қауымдастығы, «ТАТU» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы және мемлекеттік кірістер қызметкерлері қатынасты. Шара барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы басшысы Б.Хайруллин, Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы…

0
0
431