Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильдік топ мүшелері студенттерге дәріс оқыды

2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері ЖОО студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің 200-ден астам студенті мобильдік топ өкілдерінің дәрісін тыңдады.

Мобильдік топ өкілдері студенттерге әр адамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде айтты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын өздерінің жас ой-пікірлерін  білдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларда белсенділік танытуға шақырды. Дәрістің соңында еріктілер студенттерге жадынамалар мен буклеттер таратты.

     
0
0
428

Осы тақырып бойынша

Мобильдік топ мүшелері студенттерге дәріс оқыды - Yvision.kz