Мазмұнға өту

Жаңа

2017 жылы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 258 нысаны мүгедектер ыңғайына бейімделді

Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 258 нысаны мүмкіндігі шектеулі жандар мұқтаждығы үшін ішінара бейімделіп, оның ішінде 46-сы жергілікті бюджет есебінен жаңаша кейіпке енсе, 212-сін нысандардың меншік иелері өз қаржысына жөндеді. Елімізде жылдың аяғына дейін бейімдеу жоспарланған 3 мың 996 нысан аясындағы 29 ғимарат пен құрылым Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ауқымында қажетті деңгейге келтірілсе, 1 мың 263 нысан жергілікті бюджет есебінен, 2 мың 704 нысан нысандардың меншік иелері қаражатына тиісті дәрежеде ыңғайланады деп күтілуде. Елордада үш айдың ішінде 3 нысанды меншік иелері бейімдеді. Тағы 21 нысанды Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы жеті…

0
0
458

Қазақстанда үздік әлеуметтік жобалар байқауы басталды

Елімізде «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының алғашқы (өңірлік) кезеңі бастау алды. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында өтінімдерді қабылдап, жеңімпаздарды іріктеумен айналысатын және құрамына әкімдердің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері жөніндегі кеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың (әрі қарай – ҮЕҰ), «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар енген комиссия өз жұмысына кірісті. Бүгінде 13 қатысушы тіркеліп үлгерді. Байқауда өмірде қиын жағдайға тап болған жандардың бастарына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге азаматтық қоғам назарын аудару, оларға күнделікті тіршілікте және шығармашылық қабілеттерін дамытуда тең жағдай жасау мақсат тұтылып отыр. Жеңі…

0
0
417

Анонс. Қоғамдық және ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңа ақиқаттарға бейімдеу қажеттілігі туралы атап көрсетілген. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес заңнаманың жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесін ұсынатын құқықтық мониторинг жүргізу қарастырылады. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар. (Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңындағы 50 баптың 3 тармағы ) Осыған орай, 2017 жылдың 14 сәуірін…

0
0
415

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компания өкілдері еріктілер үшін семинар-тренинг өткізді

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысы волонтерлер үшін"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компаниясының өкілдерінің қатысуымен, "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрме туралы алғаш рет семинар-тренинг өтті.Оқытушылар ретінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық Компания еріктілер штаб басшысының орынбасары Жолдасбаев Дәурен Сайденұлы және "Астана ЭКСПО-2017" волонтерлік қозғалыс тобының жобалау көшбасшысы Шаржау Анара Русланқызы сөз сөйледі. Кездесу барысында еріктілер топтарының көшбасшылар көрмеге қонақтар үшін жоғары деңгейде жергілікті еріктілер дайындығы айтылды және командада жұмыс дағдылары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті. "Астана ЭКСПО-2017" республикалық штабында көрмеде жұмыс істейтін Павлодар облысында квота 150 адамға анықталғанын, естеріңізге…

0
0
599

Жаңғыру дегеніміз, құр «жаңғырық» болып қалмасын!

Бұл - менің сөзім емес. Назарбаев осылай деді. Алдымен, бір оқыдым. Түк ұқпадым! Қиын, бірақ ой салады. Жазуы мықты, бірақ, ойлары одан да әсерлі. Сондықтан, қоғамдық көлікте оқып, береке таппайды екенсің… Кешкісін оқыдым. Көзім жетті, біраз философиялық ойлары адамды «сындырып» тастайды екен. Мына ойлар өзіме қатты ұнады. Сіздермен де бөлісейін: * Жұрт латын деп соғып жатыр. Мен, әңгімені, ұлттық кодтан бастайын. Кодымыздың тегі - әріде жатыр. Сақ, ғұн дәуіріндегі ғұрыптар мен құндылықтардың қазіргі дәуірмен сабақтасуы, әлемдік өркениеттегі қазақылық иммунитетінің күшейіп келуі. (біздің елдің дипломатиялық миссия мен татулықтың ұйытқысы болудағы рөлі) * Өмір сүру үшін (сапалы өмір) өзгеріс керек деген ой маған «ой» салды. Расында, қазір 2-3 жыл кеш қалсаң, ортадан өз орныңды табу мүмкін…

1
0
1214

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады. Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру салалары бойынша қыз…

0
0
1092

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»

А.ж. 10 сәуірінде Балкашино селосындағы аудандық Мәдениет үйінде облыстық «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңбері аясында «Біздің даусымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы» флешмобы өтті.

Балалар өздері ұйымдастырған флешмоб  сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін көрсетіп акцияны қолдайтындарын атап өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Е. Даиров және аудандық Мәдениет үйінің директоры Е.Т. Хамзин флешмобқа қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен бірге күресу керек екендігін атап айтты.

Департамент госслужбы

0
0
437