Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту
2017 жылдың 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен мемлекеттік органдардың Қоғамдық кеңестерінің өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді.
Селекторлық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыстарды күшейту және осы бағыттағы қызметті одан әрі жетілдіру, қызметтік этиканы сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге қатысты мәселелер көтерілді.
Кеңеске аймақтар онлайнбейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Батыс Қазақстан облысында кеңеске Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, мемлекеттік органдардың және мәслихат басшысы, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кеңесте мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің рөлін күшейту мәселелері айтылды. Өз кезегінде, қоғамдық кеңестер өкілдері қоғамдық кеңестердің комиссияларына қатысу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және қоғамдық кеңес алдында әдеп жөніндегі өкілдің жыл сайын жұмыс қорытындысы бойынша есеп беруі жөнінде ұсыныстарын білдірді.
