Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың аудандардағы көшпелі кездесуі

2017 наурыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы құрылды.

Мобильді топ мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастыру дың негізгі міндеттерін түсіндіріп, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізіп және азаматтардың арыз-шағымдарын қарайтын болады.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірде мобильді топ мүшелері облыстың Ақжайық ауданында көшпелі кездесу өткізді. Көшпелі кездесудің шеңберінде комплексті шаралар ұйымдастырылды.

Аудандық әкімдіктің ғимаратында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен, аудан әкімі А.Т.Жоламановтың және аудан активінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Департамент басшысы өз сөзінде еліміздің ұлттық саясатының басым бағыттарының бірі, сыбайлас жемқорлықты алдын алу екендігін, сондай-ақ, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында, өткен жылдан бастап жемқорлыққа қарсы бірнеше заңдар жұмыс жасау жатырғандығын атап өтті. «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Елімізде мақсатты түрде, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті. Және Департамент қызметінің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына әкеп соқтыратын себептер мен жағдайларды төмендету екендігін нақтылады» - Б.Исақов.

Комплексті шаралардың шеңберінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С.Жұбаныш аудандық аурухана мен ХҚКО қызметкерлерінің арасында семинар-кеңес өткізді.

Сондай-ақ, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М.Г.Харесова аудандық колледж оқытушылары мен студенттері және Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері Ақжайық аудандық Бударин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады.

Көшпелі кездесу кезінде мобильді топ мүшелері 5 семинар-кеңес пен ауданның және ауылдық округтердің 20 тұрғынына 5 қабылдау өткізді.

   
0
0
361

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың аудандардағы көшпелі кездесуі - Yvision.kz