Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да студенттер «Адал бол» акциясын қолдады

«Адал бол» республикалық акциясының шеңберінде жоғарғы оқу орындарында түрлі шаралар өткізілуде.

2017 жылдың 10 сәуірде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде алғашқы шараның бірі – «Жайдарман» ойыны өткізілді.

«Жайдарман» ойындары – театрландырылған шабытқа баулитын, эстетикалық тәрбиенің дамуына және студенттердің ұйымшылдығын дамытатын, талантты жастардың қоғамдық ой-пікірін білдіретін алаң.

Ойынға университеттің түрлі факультеттерінен құралған 6 команда қатысты. Әділқазылар алқасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері және «Жайдарман» жоғарғы лигасының өкілдері болды.

Сайыста командалар қызықты да ұтымды әзілдерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Жаратылыстану және география» факультеті жеңіп алды. Жеңімпаз команда дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Университет студенттері «Адал бол» акциясының эстафетасын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттеріне жолдады.

       
0
0
430

Осы тақырып бойынша

БҚО-да студенттер «Адал бол» акциясын қолдады - Yvision.kz