Мобильдік топтың орта білім беретін мектептердегі кездесуі
2017 жылдың 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топтың кезекті кездесуі Орал қалалық №33 мектебінде өткізілді.
Шараға мектептің басшылығы, оқытушылар құрамы және 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында мобильдік топ өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндірді.
