Мазмұнға өту

Жаңа

Үздік әлеуметтік жобалар байқауына дауыс беру уақыты ұзартылды

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Көрме нәтижесінде жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталатын болады. Келіп түскен көптеген өтініштер негізінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған байқауға дауыс беру уақытын 20 қыркүйек сағ. 12:00-ге дейін ұзартты. Онлайн-дауыстар негізінде Қазақстан бойынша үздік 3 әлеуметтік жоба анықталады. Дауыс берудің соңғы дерегіне сай келесі жобалар бәрінен бұрын қоғам назарына ілігіп отыр: «Жить вопреки» 5087 дауыс (Ақмола облысы), «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолайлы спорт түрімен айналысуға баулу» 5031 дауыс (Алматы облысы), «Ержүрек жандардың игі ісі» 2647 дауыс (Қарағанды облысы). Бүгінгі таңда Қазақстанның ба…

0
0
297

Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Есіл» ауданы бойынша басқармасында кездесу өткізілді.

А.ж.14 қыркүйекте Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Есіл» ауданы бойынша басқармасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қ. бойынша департамент басшысының Мемлекеттік кірістер, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  департаменттері басшыларымен халыққа,  соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде  проблемалы мәселелерді жою бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ұсыныстар талқыланды, сонымен қатар Басқарма жұмысын жақсарту бойынша қосымша ұсыныстар енгізілді.

Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

0
0
462

Жыласаңда, мұңайсаңда, үмітіңді, жалғай бер «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Төлеген Мұхамеджанов

Композицияны орындаған – Асылбек Еңсепов «Детство»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Өлең авторының жеке парақшасы – https://vk.com/public56982889

       

Зырылдайды, тоқтамайды,

Айлар, күндер, көп жылдар.

Неге, көңіл шырылдайды?

Неге, неге сұрақтар.

 

Жыласаңда, мұңайсаңда,

Үмітіңді, жалғай бер.

Бізден уақыт, сұрамайды,

Одан жүйрік, жоқ бетер.

 

Жүйрік уақыт, жеткізбейді,

Зырылдайды-ау, көк желдей.

Шын сүйгендер, өкінбейді,

Тек болмасын, жан кедей.

 

Байлық деген, өзі өмір,

Сансыз арман, елесте.

Жанар жаста, мұңда көңіл,

Бұл да, бақыт емес пе.

 

Сарқылмасын, көңіл мұңда,

Тек бақытта самғасын.

Тоқтамасын, уақыт бізге,

Қанатымыз талмасын.

 

https://www.youtube.com/watch?v=C5Oq2jU5jLE

1
1
811

Қала орталығында құрамында есірткі заты бар сора өсімдігін егіп жүрген азамат ұсталды

Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер өз үйінің ауласында құрамында есірткі заты бар сора өсімдігін егіп, баптау жұмысымен айналысып жүрген 57 жастағы азаматты ұстады. 2017 жылғы 08 қыркүйекте Қалалық ішкі істер басқармасына белгісіз бір азаматтың үйінің ауласында сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп жүргендігі жайлы хабарлама келіп түседі. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиға орнынан айғақ зат ретінде 72 түп шөптектес зат алынды. Аталған затқа тиісті сараптама тағайындалып, қорытындысымен құрамында есірткі заты бар «сора өсімдігі» екендігі нақтыланды. Қазіргі таңда, аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп,…

0
0
488

Аблязовтың серігі Айдос Садықов еліміздің территориялық тұтастығына бас ауыртпайды!

Аблязовтың серігі Айдос Садықов еліміздің территориялық тұтастығына бас ауыртпайды!!! Бүгінде саясат шым-шытырық болып кетті. Әркім өзінше пиармен әуре. Қоғамдағы түрлі шулы мәселелерді өз жағдайына икемдеп, тек пиар үшін пайдалануда. Бұрынғыдай ұйымдасқан, топтасқан қуатты саяси күштер жоқ. Халықшыл, алысты көздеген бағдарламалар туралы сөз қозғау тіпті қиын. Мысалы, өздерін оппозициямыз деп санайтын М. Аблязов пен оның серіктерін алайық. Бағыт-бағдары түсініксіз, халықтан алшақ олар арзан абырой жинаймыз деп өздерінің саяси таяздығын аңғартып алады. Мәселен, осы уақытқа дейін бірнеше рет инстаграм, фейсбукте тікелей эфирге шыққан М. Аблязов бірде-бір рет 1 минут болса да қазақша сөйлеп, қазақ тілінде баяндама жасамады. Ал, жанындағы Жанна Бота, Айдос Садықов, Наталья Садықовалар қазақ х…

4
7
1346

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығын ашты

Бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды. Іс-шараға жоғары сот органының төрағасы Қ.Мәми мен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов қатысты. Таныстыру рәсімінің соңында Мемлекет басшысы Ахуалдық орталықтың жұмысын іске қосу жөнінде қашықтықтан пәрмен берді. Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақты…

0
0
614

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері М.Өтемісов атындағы БҚМУ физика-математика факультетінің студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
443

СҚО Есіл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Департамент қызметшілерімен а.ж. 12 қыркүйегінде Есіл ауданың әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тусіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының бас мамандары Р.Б. Қожахметов мен Р.М. Жұмағұлов жиналғандарды сыбайлас жемқорлық таәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту және сақталуымен, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасымен таныстырды.

Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

0
0
472

Орындалмас тілек

Әке-шешенің балаға деген махаббаты шексіз, оған ештеңе теңеспейді. Бірақ баланың көңілі ше? Олардан қамқорлық, жылу іздейтін баланың махаббаты ше? Ол да шексіз... Жаза. Тісімнің түсуі, тілек айтқаным. Айманның ойынды бұзғаны. Әжемнің зейнетақысы. Айманның бетін шапалақпен ұрғаным. Балмұздақ. Жұмыскерлердің келуі. Қуыршақ. Орындалмаған тілек. Ыдыстың сыңғырынан оянып кеттім. Әжем ас бөлмеде көже дайындап жатқан көрінеді. Жанымда жатқан Айман танауы төбеге қарап, аузы ашылып ұйықтап жатты. Мен арқамды жазып керілдім де, төсекке отырып, шашымды екіге айырып өре бастадым. Әжем бөлмеге басын сұғып қарады да, менің оянғанымды көріп, «ботам, алтыным, ояндың ба» деп ас бөлмесіне кетіп қалды. Мен Айманды түрттім. Ол аузы ашылған күйі ұйықтап жата берді. Сосын ақырын бетін саусағымның ұшымен жыбырл…

1
0
1091

Жанармай бағасының өсуіне импортқа тәуелділік себеп

Бензин бағасы қымбаттады. Үлкен жанармай құю желілерінде АИ-92, яғни, жоғары сұранысқа ие жанармай маркасының литрі 147-149 теңгеден сатылып жатыр. Елімізде АИ-92-нің 30, ал, дизель отынының 15 пайызы Ресейден импортталады. Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтатылуы ұсыныстың азаюына әкеп соқтырды. 20-қыркүйектен бастап Павлодардағы зауыт та уақытша тоқтайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бағаның қымбаттауына осы факторлар әсер еткен.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

http://kaztrk.kz/news/qogam/zhanarmai-bagasynyn-osuine-importqa-taueldilik-sebep-102028

0
0
260