Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Есіл» ауданы бойынша басқармасында кездесу өткізілді.
А.ж.14 қыркүйекте Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Есіл» ауданы бойынша басқармасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қ. бойынша департамент басшысының Мемлекеттік кірістер, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері басшыларымен халыққа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде проблемалы мәселелерді жою бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ұсыныстар талқыланды, сонымен қатар Басқарма жұмысын жақсарту бойынша қосымша ұсыныстар енгізілді.
Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
