«Дос-Мұқасан» ансамблі 50 жылдық мерейтойының құрметіне бүкіл Қазақстанды аралайды
Биыл 2017 жыл аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» ансамблі мерейтойын тойлайды. Сахнада өнер көрсеткендеріне 50 жыл толуына орай өнер ұжымы Қазақстан қалаларын аралап, концерт ұйымдастырмақшы. Үлкен сапарларын ансамбль Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» музыкалық шоуының алаңынан бастады. Онда әртістер репертуарларындағы ең танымал әндерді – Нұрғиса Тілендиевтің «Куә болын», халық әндері «Әпитөк» пен «Қыздар-айды», сонымен қатар "Ғашықтар əні" мен "Астана мен Алматыны" шырқады. «Ұжым сонау 1967 жылы Қазақ политехникалық институты жанынан құрылды. Сол жылдары Павлодар облысының Баянауыл ауданында институттың құрылыс жасағы үй салады. Құрылыс жасағында жүріп жас өнерлі жігіттер – Досым Сүлеевке, Мұрат Құсайыновқа, Хамит Санбаев пен Александр Литвиновқа заманауи…
