Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аблязовтың серігі Айдос Садықов еліміздің территориялық тұтастығына бас ауыртпайды!

Аблязовтың серігі Айдос Садықов еліміздің территориялық тұтастығына бас ауыртпайды!!!

Бүгінде саясат шым-шытырық болып кетті. Әркім өзінше пиармен әуре. Қоғамдағы түрлі шулы мәселелерді өз жағдайына икемдеп, тек пиар үшін пайдалануда. Бұрынғыдай ұйымдасқан, топтасқан қуатты саяси күштер жоқ. Халықшыл, алысты көздеген бағдарламалар туралы сөз қозғау тіпті қиын. Мысалы, өздерін оппозициямыз деп санайтын М. Аблязов пен оның серіктерін алайық. Бағыт-бағдары түсініксіз, халықтан алшақ олар арзан абырой жинаймыз деп өздерінің саяси таяздығын аңғартып алады. Мәселен, осы уақытқа дейін бірнеше рет инстаграм, фейсбукте тікелей эфирге шыққан М. Аблязов бірде-бір рет 1 минут болса да қазақша сөйлеп, қазақ тілінде баяндама жасамады. Ал, жанындағы Жанна Бота, Айдос Садықов, Наталья Садықовалар қазақ халқының тарихы, өмірлік құндылықтарынан мүлдем хабарсыз. Бұған дәлел фейсбуктегі парақшаларындағы жазбаларынан молынан табылады.

Осы жерде былтыр болған мына бір жайтты еске салған артық болмас. Осыдан бір жыл бұрын Киевте жүрген А. Садықов қазақстандық саясаткер М. Тайжанмен дебатқа шығып, ютуб арқылы пікір таластырды. Сонда А. Садықов өзінің қазақ елінің бейбіт өмірі мен территориялық тұтастығына көп бас ауыртпайтынын аңғартты. Өзіне қойылған: «Грузиядағы революциядан кейін олардың территориясының 20 проценті жоқ болды. Ал Украинаның Донбасы. Сен соны қалайсың ба?» деген сұраққа Айдос Садыков: «Ондай жертваға баруға болады» деп жауап берді. Сонда бұны қалай түсінеміз? Айдос Садықов, оның серіктері үшін еліміздің тәуелсіздігінің, жерінің тұтастығының еш құныдылығы жоқ па? Олардың түсінігінде тек төңкеріс жасап, елде хаос туғызу ғана басты мақсат па? Тәжірибелі саясаткер әрбір айтар сөзін салмақтап, геосаяси жағдайды бағамдап, елдің басты құндылықтары Тәуелсіздік, территориялық тұтастығы тұрғысынан пікір білдіруі керек. Ал, біздің айтқанымыз ғана болуы керек және ол үшін жеріміздің біраз бөлігін құрбандыққа шалуға болады деп айту жанашырлық емес, нағыз қастандық емес пе?

Әрине, елде ашықтық, демократия болуы керек. Ол мүлдем жоқ дей де алмаймыз. Бұдан әрі де саяси жүйе жетілдіріле береді. Оған әрбір қазақстандық мүдделі. Бірақ, демократия деп жеріміздің біраз бөлігінен айырылып қалуға болмайды. Бұған ешбір қазақ бармайды, қаламайды! Шетелдегі оппозициясымақтардың басты қателігі – осы!

Ссылка на метариал сайта «Қамшы»

http://www.qamshy.kz/article/aydos-sadiqov-qazaqstanninh-qay-onhirin-zhertva-zhasamaq-vydeo

ссылка на видео в ютубе:

https://www.youtube.com/watch?v=Z3mUEuVAi2o

   
4
7
1310

Осы тақырып бойынша

Аблязовтың серігі Айдос Садықов еліміздің территориялық тұтастығына бас ауыртпайды! - Yvision.kz