Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО Есіл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Департамент қызметшілерімен а.ж. 12 қыркүйегінде Есіл ауданың әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тусіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының бас мамандары Р.Б. Қожахметов мен Р.М. Жұмағұлов жиналғандарды сыбайлас жемқорлық таәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту және сақталуымен, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасымен таныстырды.

Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 
0
0
424

Осы тақырып бойынша

СҚО Есіл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Yvision.kz