Мазмұнға өту

Жаңа

Сирияға әскер жіберу-жібермеу мәселесі халықаралық құқық нормалары арқылы шешіледі. Н.Назарбаев

Кеше БАҚ өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев біраз мәселенің нақты бетін ашып тастады. Солардың арасында Сирияға әскер жіберу\жібермеу мәселесіне қатысты сұрақтар еді. Нақтыласақ, Елбасы Қазақстанның Сириядағы деэскалация аймағына бітімгерлерді жіберудің шарттары туралы пікірін жеткізді. Елбасының айтуынша, бұл мәселеде Сирияға әскер жіберуді Қазақстан тек БҰҰ-ның шешімімен ғана қарай алады. Назарбаев: «Деэскалация аймағына қатысты бізге жиі сұрақ қойылады. Біріншіден, Конституцияға сәйкес, “қауіпті нүктелерге” әскерді тек парламенттің шешімімен ғана жібере аламыз. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымының жарғысына сәйкес, мұндай күштер қарастырылмаған. Егер БҰҰ әскер жіберу туралы шешім қабылдайтын болса, біз БҰҰ-ның мүшесі ретінде бітімгерлік күшті жібере аламыз» Былай…

0
0
427

Назарбаев: қылмысы жоқ адамды мен сендерге бере алмаймын

Назарбаевпен кездескен журналистер біздегі түрік мұғалімдерінің Түркия билігі тарапынан қудалануына қатысты бірнеше сауал жолдады. Себебін өзіңізде білерсіз, Түркидағы саяси жүйе мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ-та тұратын дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүленнің арасындағы "соғыс" еді. Елбасы, сұрақ қояшыға жауапты дер кезінде беріп, былай деп кесіп айтты: "Еліздегі түрік мұғалімдерінің қылмысы жоқ болса, онда олар Түркияға қайтарылмайды" Президент әрі қарай сөзін жалғай келе, Қазақстанда Президент Назарбаев пен Түркияның бұрынғы Президенті Тұрғыз Озал мырзалар іргетасын қалаған қазақ-түрік мектептері күні бүгінге дейін жұмыс жасап келеді. Ешкім одан жамандық көріп отырған жоқ деді. "Иә, Ердоған менімен кездескен сайын осы мәселені көтереді. Ердоған мырзаның таққан айыбы – бұ…

1
0
602

Журналистермен кездесуде елбасы не деді?

Елбасы журналистермен кездесуде шолақ шалбар мен қара киімнің қазаққа жат екенін жеткізді. Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың белгісі емес екенін айтты. «Бұрын да айтқанмын, қазір де айтайын. Біздің қазақтың қыздары, жалпы әйел азаматтары еш уақытта бетін бүркемеген. Қыздарымыз бұрымдарын салбыратып, шолпыларын сыңғырлатып жүретін. Біздің аналарымыз батыр болған. Ерлерінің жанында жүріп соғысқан, қолына найза алған. Сондықтан сонша ғасырлық тарихымызды алып келіп, бүгін басқаша жолға түсеміз бе? Шалдардың шолтитып шалбар кигендерін қайдан көрдіңіздер? Сақалын беліне түсіріп жүру мұсылмандықтың кәдесі емес қой. Қай құранда жазылған? Бұл салтымызды бұзады. Мұнда тұрған қандай ерекшелік бар? Оған кім қызығады? Сондықтан ол біздікі емес. Мен бұл туралы бір рет айттым. Мен айтқаннан ке…

0
0
323

«Біртуар асыл ақын»

14.09 күні сағат 13.30-да жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері үшін поэтикалық марафон «Біртуар асыл ақын» ұйымдастырылды. Биылғы акция қазақтың ұлы реалист ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналды. Студенттер оның қазақ тіліндегі өлеңдерін оқып, көрмеге қойылған шығармашылығы туралы кітаптармен танысты. Бұл шараның мақсаты студенттердің назарын қазақ әдебиетіне аудару, жастардың оқуға деген ынтасын ояту, отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, Қазақстанның атақты адамдарымен танысып, оларды оқуға дағдыландыру, қазақ демократ ақыны С.Торайғыров туралы ұғымдарын қалыптастыру болды. Іс-шара соңында «Біртуар асыл ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album…

0
1
482

Ақтөбе облысының әлемге танымал тұрғындары «Туған жер» форумына келді

Олардың арасында самбодан әлем чемпионы Асхат Шахаров, волейболшы Сабина Алтынбекова бар. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеновтің келуі күтілуде. Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Туған жер» форумы басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Ақтөбеден шыққан көрнекті тұлғаларфорумы өтуде. Оған 20 елден 300-ге жуық табысты Ақтөбеліктер қатысты. Олар бизнесмендер, мәдениет, спорт, медицина және ғылым. Құрметті қонақтар - көрнекті ғалым Зинцелла Инсепов; Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы; Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев; АҚШ-тың профессоры Жолдас Күлжанов. «Мен Ақтөбеде семинарға келдім. Қалаға ұнады. Содан бері біз бірге жұмыс істей…

1
0
1847

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімовтің қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті және республикалық деңгейдегі телеарналар мен басылымдар өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі кеңестерд…

0
0
400

«Қандай зейнетақы алатаныңды біл» акциясы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен бірігіп ағымдағы жылдың 18 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Қандай зейнетақы алатаныңды біл» атты акция өткізеді.

Осы акция барысында қала тұрғындары әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден сағат 12:00-ге дейін  Сол жағалау, Достық, 13 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімшесінде Департамент және Мемлекеттік корпорация мамандарынан зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес ала алады.

0
0
220

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті

А.ж. 14 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті. Жиналыста СҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы «ХҚКО» Департаментімен тұрғындар арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу артықшылықтарын түсіндіру бойынша қабылданған іс-шаралар қаралды. Білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға ауыстыру мәселелері зерделенді. Осы бағытта одан әрі бірігіп жұмыс істеу жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Б.Қ. Енсегенов жұмыс тобының мүшелерін жұмыспен қамту…

0
0
561

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер: қолжетімді, ыңғайлы, тез

2017 жылдың 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры С.С.Мүксімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Агенттік өкілі жұмыс сапары шеңберінде келесідей нысандарды аралады: - Орал қаласының әкімдігі; - БҚО бойынша Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихандау бөлімдері; - Орал қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ БҚО филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің №1 бөлімшесі. Орал қаласының әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда, бұл жоба мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы жағдайларда алуға…

0
0
458

Департамент қызметкерлерімен кездесу

2017 жылдың 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры С.С.Мүксімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Агенттіктің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Департамент директорын ұжыммен және Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде Мемлекет басшысы мен Агенттік Төрағасының Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. С.С.Мүксімов өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша, Агенттікпен мемлекеттік кәсіби аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің сапасының деңгейін арттыр…

0
0
449