Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесі өтті
Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Ташкент қаласында (Өзбекстан) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесіне қатысты. Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан Жоғарғы Соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы С.Имандосов та қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Т.Баратбеков, еліміздің жоғары сот органының судьясы Е.Әріпов, сондай-ақ Қазақстан Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бірқатар жауапты қызметкерлері бар. Өзінің кіріспе сөзінде Қ.Мәми ШЫҰ-ның тұрақты дамуы мен гүлденуі үшін ұйымға мүше елдер тарапынан тиісті заңнамалық жұмыстарды жүргізу және…