Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құқықтық жаппай оқыту барысында мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті қолдану мәселелері қаралды

А.ж. 24 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевтың төрағалық етуімен (бұдан әрі – Департамент) құқықтық жаппай оқытуда бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының СҚО бойынша филиалының маманымен департамент қызметкерлеріне ЭЦҚ алу және «электронды үкімет» порталын қолдану тәртібі түсіндірілді. Талқылау барысында департамент қызметкерлерінің барлығында электронды - цифрлық қолтаңба бар екені атап өтілді.

«Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдастығының мүшесімен тұлға болып өсудің құралы ретінде «Networking» жаттығу ұйымдастырылды.

Департаменттің бас маманымен мемлекеттік басқаруда жобалық технологияларды қолдану бойынша оқыту өткізілді. Бұған қоса «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары түсіндіріліп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және аумақтық департаменттерінің бизнес-үдерістерін оңтайландыру жөніндегі жобамен таныстыру ұйымдастырылды.

Құқықтық жаппай оқытудың қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар қабылданды, соның ішінде орындаушылық тәртіпті сақтау, белгіленген мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша. Департаменттің а.ж. 9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша алынған бағасына оқуға қатысқан барлығының назары аударылды.

 
0
0
1608

Осы тақырып бойынша

Құқықтық жаппай оқыту барысында мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті қолдану мәселелері қаралды - Yvision.kz