Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әліпби – ұлтты біріктіретін мәдени код

Саясаттанушы Рүстем Қазақбайұлы ұлт­тың дамуы жазуға негізделетінін жазу таңбасы діни қауымдастықтардың мәдени әр алуандығы мен аумақтық ауқым­ды­лы­ғын қамтамасыз етуде шешуші рөл ат­қар­ғанын исламды мысалға келтіре отырып, былай дейді: «Егер де индонезиялық Ма­гинданао тұрғыны Меккеде бербер тай­па­сының өкілімен кездессе, бір-бірінің тілін білмеуі салдарынан ауызша қарым-қа­ты­нас жасай алмайды. Дегенмен олар бір-бі­рін жазбаша түсінуге қабілетті. Себебі тек қана классикалық араб тілінде бар әрбір сакральды мәтін олар үшін түсінікті болып саналады. Бұл тұрғыда жазбаша араб тілі қытай иероглифтеріне ұқсас қызмет ат­қа­рады. Қытайлықтар үшін иероглифтер бір­тұтас қытай ұлтын біріктіретін мәдени код болып саналады. Қытай тілінің түрлі бөлігі әр алуан айтылу нұсқасына ие. Бұл өз ке­зегінде елдегі ауызша коммуникацияға айтарлықтай кедергі болып табылады. Сол себепті қытайлар мұсылмандар әлемі секілді дыбыс арқылы емес, жазу таңбасы арқылы ортақ қауымдастыққа бірігеді».

Олай болса, супердержавалар аз ұлттарды жұтып жатқан жаһандану дәуірінде біздер үшін де ұлт болып бірігудің маңызы зор. Бұл ретте, Қазақстанның қазақ елі екендігін ай­ғақтайтын басты атрибут, ол – қазақ тілі. Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ ұлттық сәйкестілігі қалыптасып, ұлттық санасы жаңғырып, түркі әлемімен, әлем қазақ­та­рымен ортақ ақпарат кеңістігі қалыптасып, ға­ламторда қазақ жазуы толық оқылып, сол арқылы, шын мәнінде, бүтін әрі бәсе­ке­ге қабілетті ұлт боларымыз анық.

 

Айдос САДУАҚАСОВ,

журналист, саясаттанушы

 

0
0
910

Осы тақырып бойынша

Әліпби – ұлтты біріктіретін мәдени код - Yvision.kz