Пікірталас практикумы
А.ж. 23 қазанда Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №1 орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өткізілді. Шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық әрекеттерін, балалардың құқықтық мәдениеті мен санасын қалыптастыру. Қатысушылардың алдына бірнеше нақты мақсаттар мен міндеттер қойылды, олар: сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның әрекет ету салалары, жемқорлықтың пайда болу себептері, «Құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік». Қызу пікірталас барысында оқушылар жемқорлықсыз мемлекетті қалай көретіндіктері туралы пікірлерімен бөлісіп, «құқық» және «құқықтар…