Мазмұнға өту

Жаңа

Мобильді топ қаланың мектеп ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда

А.ж. 24 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында мобильді топтың «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің ұжымымен кездесуі өтті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін  аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Мұғалімдер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
741

«Қол жеткізген ұлы игілік»

«Қол жеткізген ұлы игілік» Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Бүгінде қолына кітап ұстаған емес, күнұзақ теледидар мен компьютерге телмірген ұрпақ өсіп келеді. Бұл қорқынышты емес пе? Бір кездері, дәлірек айтқанда…

0
0
5500

«Сұлулық әлемді құтқарады»

«Сұлулық әлемді құтқарады» Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» деген тәмсілі қай басылымда болмасын жарқ етіп бір көрініп қалып жатады. Бірақ оны кім, қалай түсініп жатқанын кім білсін... Біреулер бұл сөздің өнер мен әйел адамның сұлулығына тәнті болғандығынан айтқан дегенге келіседі. Ақиқатын айтсақ, бұл сұраққа жауап іздеудің өзі қате. Себебі Достоевский бұлай деген жоқ. Мұны жап-жас бозбала Ипполит Тереньтевтің аузынан Николай Иволгин Мышкин князы біреуге ғашық болып қалыпты деген сөзін астыртын түрде осылай жеткізген. «Идиот» туындысы авторының біреуге айтқызған сөзінде қандай мән бар деп, біз енді болжамдар орманына кірмей-ақ қоялық. Бірақ сұлулық пен өнердің өмірімізге нендей әсер бергенін айтып өту ләзім. Мұнда да атақты қанатты сөздің пәлсапалық ой-идеясын ысырып қойып, қара…

1
0
2139

Заңгерлер не дейді. Біздікілер емес, американдық заңгерлер.

Өзім қызыға көретін американдық телехикаялардың бірі ‒ Suits (орыс тілінде "Форс-мажоры"деген атпен мәлім, ал сөзбе-сөз аударсақ, аталған сөз «костюм», «сотқа берген талап-арыз» және басқа да мағыналарда қолданылады). Бұл хикая Нью-Йорктің ірі заң компаниясы қызметкерлерінің өмірі жайында, соған қарамастан оқиғалардың барлығы заң, әділдік, біреудің құқықтары мен бостандықтары турасында емес, көбінесе "корпоративтік қарым-қатынастар", достық, махаббат және сатқындық туралы десе болады. Басқаша болса, сериал көрерменге қызық болмайтын да шығар. Телехикаяны түпнұсқада, ағылшын тілінде, көріп жүрмін; басында заң саласына қатысты терминдер көп болады, диалогтарды түсіну қиынға түседі деп алаңдаған едім. Заң терминдері мен ойлағандай көп емес екен. Кейіпкерлердің ең жиі қолданатын заң терминдер…

0
0
584

Ақбура ата, Акбура ата, Akbura ata «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы Автор музыки – Нуржан Тажикенов «Сағыныш» 1 Автор видеоматериала – Седьмой канал «Акбура» 2 Автор видеоматериала – Express Монтаж «Природа Казахстана» Авторы фотоматериалов – Взятый из различных источников «Неизвестный» Редактировал – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Целитель тела, наших душ, Прекрасный, просто человек. Он видел мир, любил его, И слыл провидцем, в живший век. И легок, словно облака, Как птица, взмахом лишь крыла. Бескрайность, выси покорял, Такая вот, о нем молва. Как свет, он в души проникал, Теплом и светом согревая. И немощным, он помогал, Все страхи, боли убирая. Молитву, в памяти прочтем, Найдем, мы нужные слова. Здесь, покровительство найдем, Ведь память, все еще жива. Народ, приходит к Вам всегда, Д…

2
1
1933

Заңсыз аң аулаушылар ұсталды.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының аумағында УАЗ автокөлігімен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің 5 қызметкерлері ұсталды.


Тексеру барысында, автокөлік ішінен 1 дана қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дана дайын оқтар, 1 дана шаппа пышақ және 39 дана қоян аңының  өлі денелері бары анықталды. 
Қазіргі танда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
948

Сапалы талдау — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты болуы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 23 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасы басшысының м.а. Е.Кенжалиннің қатысуымен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі сапалы талдау» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», заңнын қолдану тәжірибесі мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, Департамент қызмекерімен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылатын шараларды жүзеге асыру механизмдері және ҚР Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жемқорлық тәуекелдеріне і…

0
0
503

Отандық газ Азия нарығына шықты

Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды құбырынан «Орталық Азия - Қытай» трансұлттық құбырына алғашқы газ жіберілді. Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды, тасымалдау процессіне 10-нан астам компрессорлық станция жұмылдырылған. Газдың алғашқы бөлігін құбырға жіберу Шымкент қаласы маңындағы «Ақбұлақ» өлшеу станциясы мен ҚазТрансГаздың Астанадағы диспетчерлік орталығы арасындағы онлайн байланыс арқылы жүзеге асырылды. Енді жыл сайын Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр «көгілдір отын» жеткізеді. Болашақта оны 10 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Оған құбырдың техникалық мүмкіндігі әбден жетеді. Осылайша көгілдір отын экспортының екінші бағыты ашылып отыр. Бұрын газ тек Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын.…

0
0
424

Арқа ажары

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: – ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін. «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға…

0
0
854

АНОНС Қазақстанның үш қаласында ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері (ЛШТТ) бойынша оқыту семинарларының сериясы өтеді

«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» семинарлар сериясы сәйкесінше 2017 жылдың 26 қазанында, 2017 жылдың 30 қазанында, 2017 жылдың 2 қарашасында Ақтөбе, Астана және Павлодар қалаларында өтеді. Семинарлар Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мен ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) - «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» және Қазақстан Республикасы үшін таратуды және хабарлар етуді арттыру бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Семинарлардың негізгі мақсаты –…

0
0
419