Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да «Қызметтік көлік, қызметтік мақсатта» акциясын қолдады

2017 жылдың 25 қазанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы» қоғамдық ұйымының бастамасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, облыс әкімі аппаратының автотұрақ алаңында «қызметтік көлік, қызметтік мақсатта» акциясы өткізілді.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілер  қызметтік  көлік құралдарын жеке мақсаттарға пайдалануға тыйым салу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға қарасты 11 мемлекеттік мекемелердің қызметтік автокөліктеріне арнайы белгілер жапсырылды.

Бүгіннен бастап кез-келген азамат жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса  8-702-000-24-94 немесе 8-775-373-04-08 нөмірлеріне хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.

 
0
0
306

Осы тақырып бойынша

БҚО-да «Қызметтік көлік, қызметтік мақсатта» акциясын қолдады - Yvision.kz