22 жасында әлем чемпионы атанған спортшы
Гауһар Тұрмаханова – самбодан ересектер арасындағы оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Не бәрі 22 жасында әлем чемпионы атанған дзюдошы Қазақстанның қоржынына талай медальдар салған қайсар қыз. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбо күресінен әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы. Дзюдо күресінен спорт шебері. Дзю-до күресінен ҚР жеңімпазы. Гауһар 1992 жылы Отырар ауданындағы 20-30 шақты түтіні бар кішкентай ғана Жанкелді ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін көрші ауылдағы М. Әуезов атындағы орта мектепте білімін жалғастырады. Мектепте күрес үйірмесі бар. Құрбысына еріп, бұл да барып жазылады. Басында күреске 30 шақты қыз қатысып, жаттығуларын бастаған. Бірақ, бірте-бірте қиындығына, тәртібіне шыдамай қатарлары кеми береді. Айналасы бір жыл…