Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Энергетика министрлігі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдайдың төңірегінде жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ЖЖМ-ның жоқтығына қатысты кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы соңғы жарияланымдарға байланысты келесіні хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша аймақта ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты.
ОҚО бойынша АИ-92 қоры 7, 156 мың тоннаны (8 күн) құрайды. Тағы 10 мың тонна АИ-92 маркалы бензин күтілуде.
Ірі АЖҚС (автожанармай құю станциясы) жүйелері (ГЕЛИОС, ГазПромНефть, Синойл) бойынша өткізу шектеулерсіз жүзеге асырылуда, ұсақтарында өткізу аздаған шектеулермен жүргізілуде.
АИ-92 маркалы бензинді жөнелту тәулік сайын 1000 тонна көлемінде тұрақты жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жөнелту көлемін 1500 тоннаға дейін арттыру туралы шешім қабылданды.
Сол арада ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша ауданның АЖҚС-нда (18 АЖҚС) 30 тонна АИ-92 маркалы бензин бар, бұл келесі аптаның басына дейінгі қажеттілікті қамтамасыз етеді.
​Бұған қосымша ҚазМұнайГаз 27 қазанда АЖҚС жергілікті жүйесіне 10 тонна АИ-92 маркалы бензинді өткізді. Алдағы уақытта 20 тонна АИ-92 маркалы бензин күтілуде. Келесі аптада ауданға 100 тонна АИ-92 маркалы бензин жеткізіледі.
ҚМГ АЖҚС-да АИ-92 бензинінің бағасы – 161 теңге, жеке АЖҚС литрін 174-180 теңге бағасы бойынша өткізуде. Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша жағдай бақылауда, ЖЖМ-ны жеткізуге қатысты кідірістер байқалмайды.
Сол арада ШҚО-да АИ-92 қоры – 4,5 мың тоннаны (9 күн) құрайды, тағы 6 мың тонна күтілуде.
Мұнай базасындағы ЖЖМ ағымдағы қалдығын, отандық МӨЗ-ден жеткізілетін ЖЖМ-ның көлемін және жолдағы импорттың көлемін ескере отырып, Қазақстанның барлық аймақтары бойынша жөнелту қалыпты режимде екендігін айтуға болады.
Бұдан басқа 26 қазанда Павлодар МХЗ жаңғыртудан соң қайта іске қосылғандығын атап өтеміз, бензинді шығару іске қосылған күннен бастап үш күн ішінде жоспарлануда.
Сондай-ақ ішкі нарықты дизель отынымен толық қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың жазында дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензинге бағаны мемлекеттік реттеу тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Осылайша қазіргі уақытта баға сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады, яғни нарықпен реттеледі.
Сол арада ҚР Энергетика министрлігі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдайдың төңірегінде жасанды дүрлікпе жасамауға, сондай-ақ көрінеу арандату, жалған және тексерілмеген видео, фотоматериалдар мен хабарламалар таратпауға және жарияламауға шақырады.

0
0
499

Осы тақырып бойынша

Энергетика министрлігі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдайдың төңірегінде жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады - Yvision.kz