Алик Шпекбаев БҚО-да мемлекеттен көрсетілтен қызметтердің объектілерін инспекциялады
2017 жылдың 26-28 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Шпекбаев Алик Жамқамбайұлы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Агенттік Төрағасының орынбасары сапары кезінде арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен бірге Орал қаласының әкімдігіндегі ағымдағы жылдың маусым айынан бері жұмыс жасап тұрған «Ашық әкімдік» жобасының негізгі жұмыс көрсеткіштері және талдау нәтижелерімен танысты. Шпекбаев А. алдағы уақытта халық кабинеттер арасында жүгірмейтіндігін және аталған жоба жұмыстың ұйымдастырылуын түбегейлі өзгертетіндігін атап өтті. Соңында, ол «Ашық әкімдік» жобасының жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Жұмыс сапары шеңберінде, Шпекбаев А. облыстың Теректі, Зеленов…