Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семіздік пен «жаңғыру» жайында

Осыдан біраз жыл бұрын мені Тафтс Университетінде өткен семіздік мәселелеріне арналған симпозиумда сөз сөйлеуге шақырды.

Бағдарламаға сай өз кезегімді күтіп, басқа баяндамашыларды тыңдап отырдым. Сөз алғандар мен басқа да қатысушылар қатардағы қарапайым азаматтар емес, шетінен атақты ғалымдар мен өз саласының жетекші мамандары болып шықты.

Бұған ғана емес, мына бір жайтқа да таң қалдым: аталған қатысушылардың кем дегенде үштен бір бөлігі аса семіз адамдар, ал қалғандары артық салмақ жинап алғандар екен.

Сөз сөйлегендердің дерлік барлығы қалыптасқан қауіпті жағдайды білім беру, халықты ағарту арқылы шешуге болады дегенді алға тартты. Олардың ойынша, американдықтар дұрыс тамақтану мен дене шынықтырудың пайдасы жөнінде көбірек білсе, семіздіктен арылатын еді.

Аталған мамандар халық арасында ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізсе жеткілікті, адамдар арық әрі сымбатты болып шыға келеді деген сенімде болды.

Айналадағы семіз адамдарға қарап отырып, айтылған пікірлерді тыңдаудың өзі бір ыңғайсыз тосын әсер қалдырды.

Өзіме кезек келген кезде, сөзімді амалсыздан былай бастағанды жөн көрдім:

«Қарап тұрсаңыз, сөз сөйлегендердің бәрі мәселенің шешімін білім берумен, білімді болумен байланыстырады. Мәселе сол білімде ғана болса, өздеріңізге семіздіктен арылуға не кедергі болды?» — деп, жиналғандарды көзбен шолып шықтым.

Кейбіреулердің ауыр күрсінгені, басқалардың мырс етіп күліп жібергені, ал біреулердің жақтырмай үн шығарғаны анық естілді. Айтпаса да түсінікті шығар, осы оқиғадан кейін аталған университет мені өз іс-шараларына шақырмайтын болды.

Бұл Клотер Рапайдың «Культурный код» атты кітабынан алынған үзінді.

Осымен не айтқым келіп еді?...

А, міне, енді есіме түсті: жазбам, түбінде, семіздік пен американдықар туралы емес, елде қарқын алып келе жатқан «рухани жаңғыру» жайында ғой. Осы бір «жаңғыруға» бастамашы болғандардың өздері нағыз жаңғыруға дайын екендігіне, сананы жаңғыртуда бізге үлгі бола алатындығына күмәнім бар. Қысқасы, осылай...

1
0
821

Осы тақырып бойынша

Семіздік пен «жаңғыру» жайында - Yvision.kz