Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

2017 жылғы 27 қазанда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралык жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыста жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, 2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйіесін жетілдіру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша хэштегтерді құру және қызметтерді оңтайландыру, 2017 жылдың 9 айына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерне талдау, квазиқызметтер деп қайта атаумен квазимемлекеттік секторының функцияларын мемлекеттік қызметтер санатына ауыстыру, медициналық мекемелермен қайтыс болу фактілерін Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына жедел хабарлау жөніндегі пилоттық жобасын талқылау жөніндегі мәселелер қаралды.

Бұл іс-шараға жер қатынастары басқармасы, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының жер қатынастары бөлімі, СҚО әкімінің аппараты, Денсаулық сақтау басқармасы, ӘТВЕО департаменті, Әділет департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті, квазимемлекеттік секторы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.
