Қазақ қазіргі білімі мен ғылымы және мәдениетінің баршылығына Кеңес үкіметіне емес Алаш зиялы қауымына алғысын білдіру керек
Биыл Алаш қозғалысына 100 толды. Қазақ қоғамын надандық құрсауынан шығарсам, еліме егемендік әперсем деген қоғам қайраткерлері өз армандарын іске асырғысы келіп Алаш үкіметін жариялаған болатын. Бірақ та олар көптеген мақсаттарына жете алмады. Өкінішке орай олардың сондай жағдайда қалуына қазақтардың да әсері мол тиген болатын. Осы постта сіздерге қазіргі қазақ қоғамының білім, ғылым және мәдениетінің осындай дәрежеге жетуіне ат салысып, түп тамырын қалаған Алаштықтар туралы кішігірім эссе ұсынамын.
Алаштықтарың білім ғылым саласындағы қызметі
XX ғасырдың соңында қазақ қоғамында қолыма қалам аламын деп білім қуған адамдар пайда бола бастады. Солардың алғашқылары қазақ жеріне келіп өзінің жинаған тәжірибесі мен білімін жұртымен бөліспек болды. Олардың мақсаты халықты надандықтан ағартып, бірлікке шақырып басқа елдермен терезесі тең етпек болды. Ресейдің институттарында білім алған жастар өзінің елін барынша зерттеп оны мәдени және экономикалық жағынан барынша дамыған етемін деген арманнан студенттік шағынан ақ ғылыми жұмыстармен айналысумен болды. Солардың қатарында топ бастайтын ерекше тұлға Әлихан Бөкейхан Петербургте орман институтының экономика кафедрасында білім алып жүріп сол уақыттағы қазақ жеріне жүргізілген экспедицияларды зерттеумен айналысумен болды. Әлиханмен арманы ортақ адамдар Қазақстанды жан жақты зерттеп халықтың көзін надандықтан тазарту үшін олардың сауатын ашу керек екендігін түсінді. Халыққа үлкен мөлшерде ақпарат жіберу үшін, елде болып жатқан жайттарды таныту үшін олар баспаханалар ашып газет журналдар ашты. Олардың ішінде ең алғашқсы XX ғасырдың 80 жылдарында ашылған «Дала уәләятының газеті» болатын.
Газеттердің қазақ қоғамында атқарған қызметі үлкен болды. Газеттерді еліме пайдалы қызмет көрсетіп, оларды надандық қамалынан шығарам деген зиялылар бір жерге шоғырланып ортақ идея құрып қазақтың алғашқы зиялы қоғамын құра бастады. Газеттердің алғашқы редакторлары, демеушілері Ахмет Байтұрсынұлы Міржақып Дулатұлы сынды тұлғалар болды. Олар өздерінің мақалаларында сол уақыттағы қазақ қоғамында болып жатқан әділетсіздіктерді айыптап, халықты надандықтан шығуға шақырды. Әлихан Бөкейханов өзінің «Сайлау» деген мақаласында әділетсіз қазақ басшыларын айыптып «елім үшін қызмет етуге дайынмен» деген жігіттерге көлеңке астынан шығып ел үшін қолдарынан келген қызметті атқаруға шақырды.
Газеттер халықты надандықтан шығарудың жалғыз жолы болмады. Алихан Бөкейханов бастаған алаштықтардың тобы барлық ғылым салаларын зерттеп қазақша нұсқаулықтарын жасап шығара бастады. Ахмет Байтұрсынұлы алғашқы қазақ грамматикасы мен оңтайландырылған әліппені жасап шығарса Мағжан Жұмабаев педагогикаға қатысты кітаптар жазумен болды, ал Жүсіпбек Аймауытов психология саласын зерттеп өз артынан теңдессіз еңбектер қалдырып кетті. Бұл халықты ағартуға талпынған алаштықтардың алғашқы қадамы болған.
Қазақ зиялылары жан жақты дамыған тұлғалар болған. Олар баспаханада мақала жазып жүріп, бір уақытта әдебиет пен саясат және экономиканы қатар ұстап жүрген. Экономика саласын терең зерттеп қазақ елінің қазынасын байытудың жолдарын іздеген Әлихан Бөкейханов көптеген дамыған шет елдерің тәжірибесімен салыстырып қазақ халқының қолынан көп нәрсе келе алатындығын айтқан. Жапонияның 1868-1869 жылдарда енгізген «Мэйдзи» жаңғыруын зерттеп кезінде қазақтар сияқты артта дамымай қалған Жапон мемлекеті өзін батыстық елдермен теңестіре алған реформаларын қарастырып оның қазақ еліне жарайтын нұсқасын дайындап кеткен. Жан жақты қазақтың асыл тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев Алихан Бөкейханвтың нұсқауымен алғашқы қазақ тілінде жазылған роман «Бақытсыз Жамалды» дүниеге әкелген. Бұл қазақ әдебиетіндегі елеулі оқиғалардың бірі болары сөзсіз.
Батыс елдермен терезесі тең болуды армандаған алашқтықтар ғылымның әрбір саласын зерттеп көптеген еңбектер қалдырған. Ең басында білім саласын дамыту қолға алынды. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» еңбегі жарық көрді. Алашқтықтардың ықпалымен 1924 жылдың 12-ші маусымында Орынборда Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі өтті. Ол сьезге Әлихан да қатысқан болатын. Сьезде ең басты талқыланған тақырыптардың бір араб әліпбиінен латыншаға көшу болатын. Артынша осы сьезд жөнінде Ахмет Байтұрсынұлы Әлиханға 1925 жылдың 1 маусымында жазған хатында әліппенің жаңа нұсқасын дайындаумен айналысып жатқандығын жеткізген және көп ұзамай 1926 жылы «Әліппе» жарық көрді.
1930 жылдарға дейін алаштықтардың араласуымен математика, география, физика, биология және басқа да ғылым салаларына қатысты кітаптар жазылған және аударылған болатын. Мысалы, 1920 жылдың ортасына дейін мектеп және институтық деңгейдегі келесі жұмыстар дайындалған болатын: химия (Х. Кемеңгерұлы), табиғаттану, зоология (Х. Досмұхамедұлы), география (1922, И. Тоқтыбайұлы; 1924 - Байтасұлы), физика (1924, Е. Омарұлы), математика (1924, С. Хожанұлы), биология (Ж. Кудерин). Солардың ішінде Әлиханның өзі ақ, Мәскеуде үйқамақта отырған кезінде туған тіліне француз және басқа да тілдерден К.Фламмрианның «Танымал астрономиясын», Тутковскидің «Жердің пайда болуы», Дравенің «Әлемнің пайда болуын» және де тағы да басқа танымал кітаптарын аударумен болды. Қамаудағы 5 жыл ішінде қазақ фольколорының «Қозы Көрпен -Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Ер сайын» және Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Жиырма үш жоқтау» шығармаларын қағазға қондырды. Әлемдік әдебиетінен Алаштың лидері Л. Толстой, В. Короленко, И. Тургенев, О. Уайльд, Г. Де Мопассан, Эзопа және тағы басқа танымал жазушылардың еңбектерін қазақ тіліне аударды. Әлиханның еңбектері, негізінен, бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған болатын.
Ғылым және білім саласында еңбек еткен алаш идеясының шәкірттерінің қатарына Ермұхан Бекмаханов, Қайым Мұхамеджанұлы мен академик-геолог Қаныш Сатпаевті жатқызуға болады. Олар өз кезегінде қазіргі Қазақстан үшінде теңдессіз болып саналатын жұмыстар атқарған болатын.
Алаштықтар мәдениет саласында да кем емес еңбектер бітірген. Қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың бірі Мұхтар Әуезов қазақтың советтік интеллигенциясы ішінен «Абой жолы» роман-трилогиясы үшін Ленин премиясының лауреаты болды. Мұқтар Әуезов «Алаш» элитасының екінші толқының жарқын өкілі. 1926 жылы Қызыл-Орда қаласында алғашқы қазақ драма театры Алаш зиялы қауымының жаңа толқын өкілдерінің бірі Хошмұхамед Кемеңгерұлы «Алтын сақина» атты пьесасымен ашылған болатын.
Бүкіл ақпарат мен анализді қорыта келе қазіргі қазақ білім беру ісі мен мәдениетінің түп тамырында Совет үкіметі емес қазақтың Алаш зиялы қауым тұрғандығын түсінуге болады. Қазақ халқы өзінің қазіргі жағдайымен Алаш зиялы қауымына мәңгілік борыштар.
Атқарған қызметім үшін ақы, марапат аламын емес халқымның жағдайын көтеру борышым деген тұлғаларымызды осындай уақытта еске алып, олардың жандары үшін дұға етіп, оларды ұлықтайық ағайын!
