Атыраулық зияткерлер «Жер жәннаты — Жетісу» өңірінде

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: Рухани жағңыру» атты бағдарламалық мақаласында «туған жерге деген іңкәрлік, елге деген махаббат туралы, әр бір халықтың, әр бір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Ол рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деп ерекше атап өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Дербес Білім Беру Ұйымымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың туған жердің ерекшелігі мен қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған «Туған елге тағзым» өлкетанулық экспидициясы Зияткерлік мектептер арасында маршрут алмасу арқылы, оқушыларды Қазақстанның аймақтарымен таныстырып, зерттеулерді жүргізуге негізделген. Биылғы жылы жоба «Алаш Орда ізімен» тақырыбында өтті. Атырау қаласы химия-биология бағытындғы Назарбев Зияткерлік мектебі биыл Өскемен мен Астана қалаларының Зияткер оқушыларын қабылдаса, өзінің 12 оқушысын «жер жәннаті – Жетісу» өңіріне саяхатққа жіберді. Жетісу өңіріне Ақтөбе қаласының Зияткерлерімен бірге аттанған жоба қатысушылары жобадан ерекше әсер алдық. Алматы облысының мәдиниеті, әсемдігі, сұлулығы, әсіресе батыстағы байтақ даладан келген оқушыларға жасыл желек, ақ қарға оралған Алатаудың асқақ шыңдары айрықша әсер қалдырды. Жоба аясында танымал тарихшылармен кездестік, тың мағлұматтармен алмастық, жобаның басты тақырыбын жүзеге асырдық. Жобаның басында біз Алматы қаласында түрлі мұражайларға аттанып, тарихқа саяхат жасадық; Алматының Шымбұлағы мен Медеуің және баршамызға танымал болған Үлкен Алматы көлінің жағасында болып, осындай керемет «көріністі» өз көздермен көргенімізге қуандық; сонымен қатар тарихымызда танымал болған Тамғалы Тас шатқалығын және Есік сақ қорғанын көргендіктен, бойларымызда елге деген сүйіспеншілік махаббатарын оята бастады. Жобаның басты қаласы Талдықорған қаласы болатын. Бұл қалаға саяхатты біз ерекше күттік, себебі барлығы да осы қалаға алғаш қадам басқан. Талдықоғанға келген соң, осы қаланың ерекшеліктерімен тамсандық. Жобаның соңғы күндерінің бірінде Талдықорғандағы Текелі қалашығында болдық. Бұл жерде барлығымызға ерекше әсер қалдырған 15 метрлік сарқырама болатын. Табиғаттың ерекше құбылысымен ғажаптанып, керемет көңіл-күймен соғ,ы күнімізді де өткіздік. Осы күннің кешінде қоштасу кешін өткізіп, елге оралуға дайындалдық. Туған қаламызға қайтар күнінде Ақтөбе қаласындағы жаңа достарымызбен қимастықпен қоштасып, оларға осы жоба барысында, барлық 6 күн ішінде жанымызда табылып, демеу болып, адал дос атанғандарына өз алғыстарымызды білдірдік. Жалпы жоба барысында баршамыз бір жұдұрықтай болып, бір үйдің баласындай болып, ұмытылмас сәттерге толы күндерді өткіздік. Жаңа жерлерге көз аштыртып, жаңа достармен қауыштырып, бір біріміздің бастарымызды қосқаны үшін осы жобаға өз алғысымды білдіремін.
