Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін жетілдіру мәселелері талқыланды

2017 жылдың 28 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысына қатысты.

Комиссия отырысына жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, құқыққорғау жүйесінің басшылары, аудан әкімдері, аудандық мәслихат хатшылары мен депутаттар, қоғамдық кеңестердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапалылығы, мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатырған шаралар мәселелері талқыланды.

Агенттік Төрағасының орынбасары өз сөзінде, Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыруда, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саясатының бейнесін түбегейлі өзгертілгендігін айтып өтті. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, әкімшілік кедергілер қысқартылды, тұрмыстық жемқорлық төмендетілді, мемлекеттік органдардың ашықтық және есеп беру принциптері енгізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның одан әрі тиімді жүзеге асыру үшін бағдарлы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін жетілдіру мен көтеру қажеттілігі байқалады» - деді Алик Жатқамбайұлы.

Азаматтар мен бизнестің мемлекеттік құрылымдармен кез-келген әрекеттесуі – көбіне мемлекеттен көрсетілетін қызметтер кезінде болатындығын атап өтті. Сапалы және уақытылы, әкімшілік кедергілерсіз мемлекеттік қызмет көрсету бұл әрбір қызмет көрсетушінің міндеті болып табылады. Бірақ, жүргізілген талдау нәтижелері бұл саладағы шешімін табуы тиіс проблемалық сұрақтардың бар екендігін көрсетті.

БҚО бойынша электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 31%-ын құрайды(2,4 млн.).

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 2016 жылғы 2%-дан 46%-ға дейін өсті. Алайда, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жоғары деңгейі сақталып отыр.

2017 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің 23%-ы дәстүрлі түрде көрсетілген. Осы орайда, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер портал немесе Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі. Алайда, қызмет алушылар өздеріне қажетті қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндіктері бар.

Агенттік басшылығы шараға қатысушыларды облыс бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы таза ауысушылықтың статистикасымен таныстырды. 9 айдың қорытындысы бойынша таза ауысушылық 6,9% немесе 304 мемлекеттік қызметшіні құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8%-ға жоғары. Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдардағы кадрлық жағдайға баса назар аудартты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет өкілеттілігін орындау кезінде сыйлық алу мәселесібасты назарды талап етеді.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2017 жылдың 9 айындағы қорытындысының ақпаратына сәйкес мемлекеттік қорға 116 сыйлық тапсырылған (жалпы соммасы 207 125 теңге).

А.Шпекбаев осы орайда, мемлекеттік мекемелердің басшыларына лауазымды тұлғалармен алынған сыйлықтарға түгендеу жүргізіп, арнайы фондқа тапсырылуын қадағалау қажеттігін атап көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Т.Байгулов «Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасымен таныстырды.

Шара соңында, «Жасырын сатып алу» жобасының жұмысы қорытындыланып, резонансты сыбайлас жемқорлық істері бойынша бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
390

Осы тақырып бойынша

БҚО әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін жетілдіру мәселелері талқыланды - Yvision.kz