Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы

А.ж. 26 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметшілеріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен дөнгелек үстел өткізілді.

Өткізілген шара аясында Басқарма мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы қағидаларына және әкімшілік және құқық қорғау қызметіне түсу үшін тестілеу өту бағдарламаларына енгізілген негізгі өзгерістері мен толықтырулары талқыланды.

Дөнгелек үстел қатысушыларына мемлекеттік қызметшілер қызметінінің тиімділігін бағалауын өткізудің, сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекітудің, тағылымдамадан өту, ротация жүргізудің жаңа талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның ішіндегі ауысушылығы туралы сұрақтар қарастырылды.

Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 
0
0
438

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы - Yvision.kz