100 жаңа есім: Қарулы Күштер сапындағы тұңғыш әрі жалғыз теңізші ару
Жанар – 21814 әскери бөлімінде «Орал» зымыран-артиллериялық жауынгерлік кемесінде техник маман ретінде қызмет ететін жалғыз қыз. Ол – Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Жоғарғы оқу орынын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған аруды «теңізші болсам» деген арманы әскери салаға жетеледі. 2011 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығына қызметке орналасады. – Кезекшілік барысында Ақтаудағы әскери бөліммен байланысқа шығып, кемелер туралы ақпарат аламыз,- дейді Жанар. – Міне, менің әскери-теңізші болсам деген түбегейлі мақсатым осы кезде пайда болды. 10 айдай қызмет еткеннен кейін, буырқанған теңіз толқындарын көзбен көріп, жүрекпен сезіну үшін Маңғыстау өңіріне қызмет бабымен ауысып келдім. Өмірімнің ең қызықты сәттері осы кезден бастау алды. Себебі, мен келісімен 6 ай…