Мазмұнға өту

Жаңа

Илья Ильиннің дисквалификациялау мерзімі өзгертілді

IWF-тың жаңа шешіміне сәйкес, ауыр атлет төрт айға кешірек спортқа оралады. Бұл туралы федерация ресми сайтында хабарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.Бұған дейін 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарында допингке ережесін бұзды деп айыпталған қазақстандық ауыр атлет екі алтын медальден айырылды.Желтоқсан айында Қазақстан ауыр атлетика федерациясы IWF 2018 жылдың 10 маусымына дейін Ильинді тоқтатты деп жариялады. Дегенмен, бүгінгі күні IWF ресми шешімінде Ильинді дисквалификациялау мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында деп белгіленді. Осылайша, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандық өнер көрсете алады.Бұдан басқа, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ильиннің 2008 жылғы Олимпиада ойындарында алғашқы допингке қатысты бұзушылық туралы хабардар етілмегендіктен, екі іс бірг…

0
0
306

Ғашықтық ғаламаты

Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, жылады:“жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынарыЕркелеттім,Өмірімді желкен еттім жолына,Тек сол гүлдеп толыссын деп,Тек сол кисін, сол ішсін деп,Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына.Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары,Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағыАлды болды құрбысының бірге өскен,Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен?Бекер,Бекер жіберіппін еркінеЕрте түсіп қалды-ау, сірә, албырт сезім өртінеБақытты едімБақытты едім, мен қандайҚашан қызым жолыққанша ғашытықтың дертіне.Күзетшімін бұл күн есік торығанТуар айым тумай қалды оңынанҮш жыл болдыБұйрабас бір әртістіңСорлы қызым жүгіріп жүр соңынанАл ол иттің(бұл қорлыққа қарашы)Бар әйелі, баласы.Үйленуге қайдан келсін шамасы.Қызым соны білмейді ме?Біледі!Біле тұра селт етпейді жү…

0
0
3389

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және ТУҒАН ТАРИХЫ. Еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да. Құдірет жоқ төрт анаға тең келер Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас, Төрт анасын менсінбеген пенделер. Төрт анадан сенім таба алмаған Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

0
0
741

Біреулерді мерт қылып аламын деп

Ашуыма ауыздық саламын кеп.

Тентек іні бетіме тік қараса,

Жасқанамын жандай-ақ залалым көп.

Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,

Балам қабақ шытса да жасқанамын.

Сәлемімді біреулер алмай кетсе,

Екі иығым салбырап, пәс қаламын.

Досым өтсе алдымнан қырын қарап,

Боз торғайым кеудемде шырылдамақ.

Естігісі келмейді бәтшағардың,

Қорғасынмен құлағын тығындап ап.

Қайсыбіреу қарайды айдаһарша,

Түрпайы әзіл,түрпі сөз - қайда барсам.

Қайтер еді, ожардың шарығына,

Ашуымды қайтадан қайрап алсам?!

0
0
576

2018 жылдан бастап Қазақстандағы босану жәрдемақыларының мөлшері өзгереді

Көптеген адамдар 3 жасқа дейінгі босануға байланыты демалыс алады, бұл мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетуді қажет етеді.Қазақстандағы босану жәрдемақыларының түрлеріМемлекет тарапынан әлеуметтік көмек мөлшері мен түрі әйелдің нәресте туғанға дейін жұмыс істегеніне байланысты болады. Жұмыспен қамтылған және әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлегендер үшін келесі төлемдер қарастырылған:· бір жолғы босану жәрдемақысы;· негізгі табыс көзін жоғалтуға байланысты біржолғы қаржылық көмек;· 1 жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер.Жұмыс істемейтін әйелдер үшін төлемдер төмендегідей болады:· біржолғы жәрдемақы;· 1 жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер.Біржолғы жәрдемақының мөлшеріБала туғаннан кейін барлық әйелдерге төленетін тіркелген біржолғы соманың мөлшерін есептеу үшін екі…

0
0
507

Таза ауа адамзат үшін қауіпті болып шықты

Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ және Германиядан келген ғалымдардың халықаралық тобы ауаның ластануын жоюдан глобалдық жылынуды күшейте алады деген қорытындыға келдіҒалымдар ғаламдық климаттың өзгеруінің төрт сценарийін аэрозольдер (сульфаттар мен ыс) жоғалту әсерлерін модельді. Ластаушы заттар Жерге түсетін күн сәулесінің кейбір бөліктерін жауып тастаған. Атмосферадағы көмірқышқыл газының қазіргі деңгейінде оларды алып тастау атмосфера жылу энергиясын жұтқан кезде парниктік әсерді арттырады.Осы процестің нәтижесінде атмосфераның орташа температурасы 0,5-1,1 градусқа дейін артады. Бұл, өз кезегінде, құрғақшылық пен су тасқыны сияқты табиғи апаттар санын күрт арттырады.Кейбір сарапшылар жаһандық температураның өсуін болдырмау үшін аэрозольді қолдануды ұсынады. Алайда, зерттеудің нәтижесі көрсет…

0
0
318

Адамгершілік

Ол кезде ауылды жерлерде дәрігер жоқ, ата-анасы сол жердегі емшілерді шақырып, қаратады. Бала айығып кете қоймайды. «Баланы емдей алатын енді кім бар?» дегенде: «Осында аузы дуалы Оспан қожа деген ғұлама бар, бір емдесе, сол емдер» дейді бір кісі. Содан Оспан қожаны алдырып, қаратқанда: «Балаңыз өзіне қойылған есімді көтере алмай жатыр. Мен үш күн дем саламын, Құдай қаласа, сәтін салып, балаңыз жазылып кетер. Алладан жәрдем тілеңіз. Кейін ол үлкен азамат болады», - депті. Кейіннен Димаш Ахметұлы үлкен азамат болып, ел басқарып тұрғанда әкесі осы жайды есіне салып: «Баяғыда Бақанаста саған дем салып, аман алып қалған Оспан қожа халық жауы болып ұсталып кетіп еді. Оның ұлы Сәрсен сол жерде аудан басқарды, Отан соғысына кетіп, қайтпады. Содан жалғыз ұл бар деп естимін. Текті әулеттен шыққан…

1
0
579

Мұның себебі не?!

Шетелге кетуге дайын 10% жас болса, соның 54,7% көшуге әзір.

Мұның себебі не?! Жастар әлеуметтік-экономикалық проблемалар депті. Бір жағынан егер де нақты көшуге қандай әрекеттер жасадың деп сұраса бұл көрсеткіш кемі екі есе төмендейтін шығар деп ойлаймын. Нақты жоспардан гөрі арман бәлкім. Жалпы, шетелге жұмыс істеп, тәжірибе жинау үшін барғысы келетін адамға сатқын, оңбаған деп қарауға мүлде қарсымын. Бірақ мұндай көңілдің деңгейі тым жоғары болғаны қалай десек те жақсы емес.

Ақпарат көзі

0
0
322

Бақытты қызметкер = табысты компания

Себебі компания қызметкерлерінің, күзеттің киімі жұпыны, ал жағдайлары нашар сынды көрінді дейді. Бір ғана осы көрініс мықты маманды жоғалтуға алып келді. Қарасаңыз, бәрі де google сынды компанияларда жұмыс істегісі келеді, өйткені мұнда тек айлық емес, жұмысқа қолайлы жағдай (working environment) жасалады, қызметкерді бағалайды. Сол концепцияның маңызды бөлігі - Work-Life Balance. Яғни, адамдар жұмыста "өлмеуі" тиіс, жеке өміріне уақыт болмаса қиын. Отбасы, бала-шағасы, достары үшін қызметкерде уақыт болуы керек. Ал бұл өз кезегінде адамның көңіліне әсер етеді, жұмыста тиімді бастайды.

Қысқасы, "бақытты қызметкер = табысты компания" ұстанымы қажет.

Ақпарат көзі

0
0
299

Жарнама жасатуың үшін бюджетің болу керек

Жақында екі үлкен кәсіпкер хабарласып, "Қанат Ислам патриот қой, отандық өнімді жарнамалап берсінші" - дейді. Бюджетің бар ма десем, бартер дейді. Сонда тегін футболка не кәстүм беріп еліміздегі ең атақты қазақ боксшысына өз өнімін жарнамалатпақ па? Әлде отандық өнімді қазақстандық болғаны үшін тегін жарнамалау шарт деген бар ма? Онда Генаға бір футболка не кәстүм берем, соны киіп суретке түсіп инстаңа салшы деп айтып көрсін. Әрине олай жасамайды. Себебі қазір әр жарнама ақша тұрады. Өте көп ақша тұрады. Қанат Ислам түгіл менің өзім ондай жарнамаға келіспеймін. Біреу менің жарнамам арқылы пайда табады екен де маған тек бір кәстүм? Заман өзгеріп кеткенін тағы бір естеріңізге салып қояйын. Мүмкін ондай ұсынысты сушиді тегін берсе инстаға салатын әншілерге айту керек шығар.

Ақпарат көзі

0
0
295