Мазмұнға өту
sport1

Спорт

@sport1

Сайтта 2018 ж. 22 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

15

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

18 жастағы қазақстандық гимнаст Аустралиядағы әлем чемпионатында ауыр жарақат алды

Карими Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған сәтінде түсірілген видеоны жариялап, былай деп жазды: "Даусымен көріңіз! Мынау менің жағымнан шығып жатқан дауыс емес, қолымның сынған сәтіндегі дыбыс. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бүгін ота жасады, сүйектерді жинап, қайта қалпына келтірді".

Тағы бір постында ол өзі үшін осы маусымның аяқталғанын айтты. "Үшжүзінші. Қолдағандарыңыз үшін рақмет! Маусымда аяқталдыү Үш жерден сынды, бір жерім жарылған", - деп жазды Карими.

Айта кетейік, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында спорттық гимнастикадан "күміс" медаль иеленген еді. Алматылық спортшы еркін жаттығуда бар білгенін салды. Сондай-ақ ол Монреальдағы (Канада) жарысқа жолдама алып, тоғызыншы орынға табан тіреді.

Ақпарат көзі

0
0
372

Элизабет Тұрсынбаевa ерікті бағдарламаға жолдама алды

Элизабет мұз айдынына 23-ші болып шығып, 573,95 балл жинады.

Соның өзінде ол өз өнеріне көңілі толмағанын айтады. Оған оның жарақаты әсер еткен.

“Сырғанау ойдағыдай өткен жоқ, эмоционалды тұрғыда бәрі жақсы өтті. Тек бірінші элемент дұрыс болмады. Мен Олимпиадада Қазақстанның атынан шыққаныма өте қуаныштымын”, - деді ол.

0
0
330

Дабылға дейін 4 секундта Италияны жеңген қазақстандықтар EuroChallenge ұтып алды

Хоккейден Қазақстан құрамасы финалда Италиядық команданы ұтып, Польшаның Катовице қалалсында өтіп жатқан Еврочелленджді жеңді. Ойын 1-0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Негізгі ойын аяқталуына бір минут қалғанда, итальяндық команда тайм-аут алды, осылайша ойынға алтыншы ойыншыны қосты, оларға негізгі уақытта тек жеңіс керек еді. Қазақстандық команда қарсылық көрсете алды, ал ойын аяқтлуына төрт секунд қалғанда Никита Михайлис жеңісті шайбаны қарсылас қапасына салды.

Алдыңғы ойындарда Қазақстан Еурочеллендж аясында Польша (4-1) мен Венгрия (5-2) құрамаларын жеңген болатын. Тоғыз ұпаймен Ғалым Мамбеталиев командасы жеңімпаз атанды.

Ақпан айының 18-нен 19-на қараған түні Польша мен Венгрия арасында соңғы матч өтті. Кездесу 2-3 есебімен, Венгрия пайдасына шешілді.

0
0
278

WBC жаңартылған тізіміне Қанат Исламды қосқан жоқ

Ол WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Джон Вераға қарсы міндетті кездесуді өткізуі керек болған, бірақ тараптар белгіленген мерзімде келісе алмады, деп хабарлайды sports.kz.Осы жағдайға байланысты Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың пікірі:- Қанаттың командасы WBA күрес туралы келісімшартқа қол қою рәсімін кешіктіргені туралы айтады, бірақ менің ойымша, келісімшарт болған жағдайда, ол мақұлданатын еді және ол WBA тарапынан ешқандай қиындық тудырмайды, және боксты өткізетін уақытты, орынды анықтауға мүмкіндік беретін еді.Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындағ…

0
0
273

Головкиннің 2018 жылғы келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канеломен» кездесуі ойдағыдай өткен жағдайда, оның негізгі мақсаты WBO орташа салмағы бойынша әлем чемпионы британдық Билл Джо Саундерс болады, деп хабарлайды Sports.kz.Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, 5- мамырда өтетін екінші кездесуден кейін Сауль Альвареспен үшінші кездесу туралы келіссөздер әлі жүргізілген жоқ.«Үшінші кездесу екі жақтан да талқыланбаған нәрсе. Эрик Гомес пен мен екінші кездесу туралы ғана келістік. Үшінші кездесуге қатысты келіссөздер мағынасы болмады. Біз үшінші мәрте кездесудің мағынасы бар-жоғын, екінші кездесуде жеңген боксшы шешсін деген тұжырымға келдік. Егер трилогияның үшінші бөлігі болса, онда оны дереу ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда келесі қарсылас Билли Джо Саундерс болады», - дел…

0
0
321

Футзалдан Қазақстан командасы Евро-2018 полуфиналында есе жіберді

Ойын 8 ақпанда кешке (Астана уақытымен 8-9 ақпан) өтті. Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттарда команда 5: 5 есебімен тағы бір рет қарсылас қақпасын соқты. Біздің команда құрамында Тянь, Игита, Таку, Дуглас және Серік Жаманқұловтың голдарына қол жеткізді.

фото: sports.kz

Матч өте тартысты және жоғары деңгейде өтті. Рикардо Какау тәрбиеленушілері испандық әріптсетеріне қарсы шықты. Алайда, пенальтилерде испандықтар мықтырақ болды - 3:1.

Матч турнирдегі Қазақстанның ең үздік кездесуі болды. Какау командасы қорғаныста да, шабуылда да автоматизмге қол жеткізді.

0
0
356

Футзалдан Еуро-2018 аясында Қазақстан-Испания полуфиналын қайдан, қашан көруге болады

Ол Еуропаның қазіргі және жеті дүркін чемпионы Испания командасы болды (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016). Ширек финалда испандықтар Украина құрамасын 1: 0 есебімен жеңген.

Қазақстан-Испания кездесуі ақпанның 8-нен 9-на қараған түні өтеді және Астана уақытымен сағат 02.00 басталады. Тікелей эфирде бұл матчты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2018 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы 5: 1 есебімен Польшаны жеңіп, одан кейін Ресеймен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, Какау жаттықтыратын команда өз тобында бірінші орын алды және ширек финалда Сербияны 3:1 есебімен жеңді.

0
0
317

Левит Тищенкомен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау туралы ХОК мәлімдемесіне жауап берді

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейродағы 2016 Олимпиадасында Евгений Тищенкомен кездесудің нәтижесін қайта қарауға өз пікірін білдірді, оның нәтижесінде боксшы лайықты алтын медалін алуы мүмкін.«Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдым, бірақ қазір бұл туралы ойланғым келмейді, өйткені мен келесі кездесілерге дайындалудамын, бірақ олар қайта қараса, жақсы болар еді», - деді ол телефон арқылы.Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада ресейлік пен қазақстандық арасында өткен кездесудің нәтижесін қайта қарауға ниетті екенін білдірді. Ол әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясында (АИБА) бүгінде көптеген мәселелер бар екенін, соның ішінде Олимпиадада төрешілер жүйесінде де мәселелер барын айтты…

0
0
291

Жерар Гоу карьерасын Қытайда жалғастырады

29-жасар ивуарлық форвард қытайлық екінші дивизионды «Бейцзин Энтерпрайзес» клубымен келісімшартқа қол қойды. Гоу командаға еркін агент ретінде келді.Жерар Гоу «Қайрат» клубынан өткен маусым аяқталысымен кеткен еді, оған себеп келісімшарттың аяқталуы болған. Алматылық клуб оның қызметінен жоғары жалақы сұрауынан кейін бас тартқан еді. Гоу «Қайрат» клубында 2014 жылдың маусымынан бастап, 2017 жылдың қараша айына дейін ойнады. ҚПЛ қатысқан 102 матчында 80 гол салып, Европа Лигасының 19 ойынында 11 рет ерекшеленді. Ивуарлық үш реттен ҚПЛ ең үздік шабуылшысы, ҚПЛ күміс жүлдегері және Қазақстан кубогының иегері атанды. «Қайратқа» дейін 29-жасар Гоу ресейлік «Краснодар», туркиялық «Кайсери Эрджиесспор» және «Денизлиспор», швейцарлық «Ксамакс», мароккандық «Хассани Агадир» және өз елінің «ЖК Аби…

0
0
238

Головкин «Бокс аңызына» айналды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) "Жыл боксшысы" номинациясында "Бокс аңызы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейдің Сочи қаласында 1-4 ақпан аралығында Халықаралық бокс форумы өтуде. Ең алғаш рет осы жиында бокстың ең беделді ұйымдары жиналды. Осы жиынға қатысатын қазақстандықтар туралы айтатын болсақ, Головкин кәсіпқой бокс атынан сөз сөйлесе, Бақтияр Артаев пен Бақыт Сәрсекпаев сияқты Олимпиада жеңімпаздары да осы жиынға шақырту алған.Сочидегі халықаралық бокс форумында салтанатты тұрде сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Қазақстандық боксшыға сыйлықты WBC президенті Маурисио Сулейман табыстады."Жыл адамы" болып Франко Фальчинелли танылды, ол бұрындары Халықаралық әуесқой бокс ассоц…

0
0
530