Мазмұнға өту
Askar01

Мұхтар Шаханов шығармашылығы

@Askar01

Сайтта 2018 ж. 24 қаңтар

Қазақ ақыны, драматургі, тіл жанашыры

рейтинг

100

жазбалар

23

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

0

Достық пен махаббат

Өзендер мен көлдердің, Көлден шалғай шөлдердің, Биіктер мен алыптардың, Жылулар мен жарықтардың арасын Жалғап келген бір ән бар. Парасатты мұңданудан Жерді қирап күл болудан, Таңды қарадүрсіндіктен, Адамдарды күншілдіктен Қорғап келген бір ән бар: Ол ән - ұлы достық әні, негізгі әні ғаламның, Ол ән - ұлы махаббаты менің сайын даламның, Дала көңіл бабамның. Сол екі ән гүлденер жер Салмақ тауып саналы. Сол екі әнді білмегендер Өмір сүрдім демесе де болады.

1
0
1190

Отырар кітапханасы

Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай. Қайырмасы: Көзсiз зорлық ғасырынан, Надандықтың тасырынан, Жер астына жасырылған Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы. Ұяттыны толғандырған, Қанаттыны заңғар қылған, Күллi әлемдi таң қалдырған, Рухыңмен қолда бiздi Отырардың ұлы кiтапханасы! Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп, Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы? Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ, Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады. Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну, Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны? Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну, Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.

0
0
1310

Махаббатты қорғау

I Бiз екеумiз жолықтық, Бipaқ тым кеш жолықтық, Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық. Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең, Арқамызда - құзар шың, Алдымызда - өр өзен. Өр өзеннен өтуге кiм бередi қайықты, Кiм бар бiздi түсiнер, қане, кiм бар байыпты? Ал қайықшы - қиқар шал, Жалынғанмен, не бiттi? Қайығына қабаған итiн байлап кетiптi... Япырай, бiз соншама дәрменсiз боп тудық па? Бойымызда жоқ екен иттi алдайтын қулық та. II Көбелектiң "кеселi" - Тұрақсыздық деседi. Гүлден алған шапағатты ceзiмi Келесi бip гүлге жетпей өшедi. Өз мiнeзi өзiне үкiм кеседi... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Менiң саған айтпағым да осы едi! III Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың, Аққу-арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың. Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алм…

0
0
993

ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана

Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам... Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде: Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде, Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс, Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс? Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру, Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру. Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін, Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің. Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне, Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе. Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған: Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған? Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де, Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде…

0
0
766

Ормандағы оқиға

Көргендер де, Көрмеген де арманда, Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда. Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да, Қара аю да, күшіген де, жылан да, Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да, Бас қосыпты сол маңда. Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп, Тасбақа да орын тепті төрден кеп. Сан орманның тамашасын тауысқан Ән шырқады ала қанат сауысқан. Жапалақ та ән шырқады толғана, Кезек әзер жеткен кезде қарғаға, Маңдайына алақанын жастана, Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара. Қоян айтты: - Қалай болған күнде де, Ән кезегін ұсынған жөн Пілге де! Бір тыңдаушы айқай салды: - Немене? Өнер шіркін, қара күшке көне ме? Одан қайта Піл ағай Тауға барып тасымай ма бөрене? Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын, Піл ән салды бұлғаңдатып тұмсығын. Тумады-ау деп ой сергітер байтақ ән, Қалың қауым қалғып кетті қайтадан. Осы сәтте Б…

0
0
707

Қыран тағдыры

Баяғыда,Бабамыздың бабасының бабасыЖүрген кезде сүйенбей таяғынаКөңіліне пәктіктен өсірген гүл,Жомарт әрі мейірбан жесір кемпірҰстап апты ауласына келіп қонған бүркітті.(Одан мұндай батылдықты кім күтті?)Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығынКемпір қатты үркіпті.Оны өзінше "майысқан" деп ойлаптыСөзге келмей пышағын тез қайрапты.Имек жерін кесіп, жонып, тегістепСорлы құсқа бір жақсылық жасауға бел байлапты.Гүжім аспан әлеміне айбатты,Қайратына тамсандырған аймақты,Қайсар қыран тағдырыАқылсыздау, бірақ адал кемпірдің,Пышағында ойнапты.Кемпір байғұс сыртқа жайып шын сырын,"Басы қайтты, - деп қуанды, - қауіптің".Жона-жона имек бүркіт тұмсығынТұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың.Енді бірде бүркіттіңӨткір, ұзын тырнақтарын аңғарып,Басын шайқап тұрып қапты таңданып:- Мүшкіл екен,Мүшкіл екен бұл халің,Сорлы…

0
0
1062

Қасымды қабылдамаған адам хақында

Кез болатын наурыз айы сән құрған, Дала жатты есі шығып жаңбырдан. Сол далада... жол үстінде бұралаң Жасы алпыстың әуізіне құлаған Машинаға қол көтерді бір адам.Қиял құсы қалықтап, Шат сезімі шарықтап өңіндегі Жүргізуші ерекше көңілді еді. - Көрші ауданға жеткізсең, ұлым, мені, Шексіз алғыс айтар ем күні ілгері, - Деп жолаушы қулана күлімдеді.- Жырақ әрі шет екен қонысыңыз, Сізге кінә тақпайық ол үшін біз. – Жүргізуші күлімдеп есік ашты: - Қартты сыйлау - қашанғы борышымыз.Ұзақ жүрдік. Жол шеті көрінбейді, Керім дала қасарып берілмейді. Сыр тартыспақ болсақ та одан-бұдан, Әңгімеміз шашырап өрілмейді.Дәрігердей іздеген жүрек емін, Кенет жерден тапқандай тілегенін. Жүргізуші көзінен от ұшқындап Жатка соқты Қасымның бір өлеңін.Лезде дәмді аузының тұзы құрып: - Ә, Қасым ба, - деді шал тыжырын…

0
0
929

Ұшақ үстіндегі ой

Шаңқай түсте, Яки нұрлы ақ таңда, Нән ұшақпен самғап бара жатқанда, Көз салсаңыз төменге: Біртегіс боп көрінеді жыралар, Тереңінде жыланы бар ұралар, Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Бұққан сансыз құпиялы ойларға, Біртегіс боп көрінеді сайлар да. Біртегіс боп көрінеді Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен, Сәулет беріп жатқандай далаға кең. Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды Сырт көздерден бүркелеп қалады екен. Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп, Назарымды жан-жаққа шашып жүріп, Байқамаппын жаныңның жыраларын, Жылан бұққан зымыстан ұраларын. О, тағдырым, Тірек бол тілегіме, Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен, Қас пен достың қажырлы жүрегіне Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер! Ал егер мен жақыннан қателессем, Жақын келген бақытқа қуанбасам, Жақын тұрған биікке…

0
0
492

Тарысы бар аймақтың

Даттайды екен бір кінәңді ел білсе, Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз. Қызғанышы ізгілігін сөндірсе – Нақ сол адам бақытсыз. Көздер барда қадалатын тамсана Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз. Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да, Нақ сол адам ажарсыз. Жабырқама, Беліңді жаз бүгілген. Еңкеймесін ер жігіттің атағы, Ол солай ғой, Түймедей бір мініңнен Бәз біреулер түйе жасап жатады. Мойыма дос. Неге әлсіздік байқаттың, Тарылмасын көңіліңнің қойнауы. Ойлашы өзің, Тарысы бар аймақтың Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?

0
0
378

Түркістандағы тау

Біздің елде, заманында әлем назар аударған Озге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар. Соның бірі сенің аға - қазағымның нар тауы Дәуірінің өр рухпен суарылған арқауы, Талай жерге шашып едің жүрегіңнің жарығын, Енді туған мекеніңе оралдың ба, алыбым. Сыртта жүріп сағындың-ау, құшағынды аш, еркеле Ұлыларын өлгеннен соң ардақтайтын өлкеңе. Кейде солай, қырандардан шымшық озып жатады, Оған бола төмендемес кең далаңның атағы. Бірақ соған ұялатын көз көбейсін деп тіле, Қансыз бетті қызартатын сөз көбейсін деп тіле. Бүгін міне сенің күнің күліп кірді есіктен, Қарсы ал кәне бақытынды жетпіс бес жыл кешіккен. Саған шексіз қатал дәуір сыбағасы тиіпті-ау, Түркістанның мандайына симай кеткен биік тау.

0
0
507