Мазмұнға өту

Жаңа

...Жүрегімді іліп қойдым көрмемде...

Ақберен Елгезек поэзиясы - көгілдір аспандай тұңғиық , көрікті келбеттей албырт, теңіздей терең мәрмәр толқын ойлы, көркемдігі сұңғақ , сөздері ғажайып . Өлеңдерін оқи отырып, ақынның өрнекті сөздері сұлу сөйлеуге әуестік емес, эстетикалық сезімнен, образды ойдан , айналадағы құбылыстарды суреткерше қалыдаудан туған. Мұны өлеңдерін оқи отырып, көз жеткізе аламыз. Ақынның өзі «Жүрегімді іліп қойдым көрмемде!» -дегендей, өлеңдерінен аңқылдаған ақын мінезі мен болмысын танимыз. Талантты ақын Ақберен Елгезектің өлеңдеріндегі метафоралардың қолданылу ерекшеліктерін ой елегінен өткізе отырып, сараптама жүргізе отырып, шағын зерттеуімді оқырмандар назарына ұсынбақшымын. Метафораның лингвистикалық табиғаты, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы туралы тіл біліміндегі ғалы…

1
0
1287

Әлеуметтік шизофрения

"Бірнеше рет қауіпті жағдайлар орын алғаны бар..." деп күмілжи жауап берген екен тақуа. Далай-Лама монаx өміріне қауіпті болған жағдайларды әңгімелейтін шығар деп "ол қандай жағдайлар?" деп сұраған көрінеді. Сонда қарт тибеттік: "Менің қытайларды жек көріп кетуіме қауіп туғызған екі-үш жағдай болғаны рас..." деген екен. Өзіңді 20 жыл бойы күнде соққыға жығып, қатыгездік көрсеткен жауыңа үздіксіз мейірбан болу үшін қандай руxани деңгей керек?!"Ақбереннің кеше жазған посты көңілге түрлі ой салды..."Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес",- дейді Абай... 21 ғасырдағы ұлттық сана туралы ой қозғап, "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" мақаласын жазып, оны жалпыұлттық д…

0
0
474

Қайран дүние, кім жеткен, мынау баққа (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Ave Maria (Дж.Каччини) - оркестр Джеймс ЛастБейнематериал авторы – Music channelӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzБаурап алдың, сары күз, өмірімді,Өзгерттің-ау күндердің, сен тізбегін.Түнді ұзартып, қысқарттың-ау күндерді,Мынау өткеннің, мойныма, салып жүгін.Іздегім ақ келмейді-ау, мен өткенді,Алаңдатқан, күрсіндірген, бос мені.Ұстағым ақ келеді, қоңыр күзді,Қанатынан, жыраққа, салған мені.Кетіп барады, тырналар, жылы жаққа,Іліп алып, сағынышты, қанатына.Қайран дүние, кім жеткен, мынау баққа,Елес болып, жазылған, маңдайыма.Жасыл орман, гүлдерім, артта қалған,Өкінішім, мұңдарым, бәрі жазда.Жақұт гүлім, бір сен үшін, жинаған,Қураған ба, қалып, бүгін сағымда.Қал…

1
0
558

Абайдың қара сөздері. Отыз алтыншы қара сөз

Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық.Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Б…

0
0
1053

Абайдың қара сөздері. Отыз жетінші қара сөз

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.Адамның баласы - бауырың.Ер артық сұраса да азға разы болады.Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезі…

0
0
2814

Абайдың қара сөздері. Отыз сегізінші қара сөз

Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббатың төлеуі - махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық…

1
0
1957

Абайдың қара сөздері. Отыз тоғызыншы қара сөз

Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман…

0
0
1343

Абайдың қара сөздері. Қырықыншы қара сөз

Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?Қайраты қайтқан шал мен жастың бәрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі көп құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен бірінің бітім қылмайтұғыны қалай?Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп жақсы көріп тұрып, елге келсе, әрі-беріден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай?Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?Бір жолаушы алыс жерге барса, барған еліне өз елін мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті сыбайтұғыны қалай?Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ержеткен соң суық…

0
0
911

Арнайы ХҚК орталықтарында «әдемі» әріптер комбинациялары бар нөмірлерін сату іске қосылды

Оның айтуынша, қазақстандық автокөлік иелері мемлекеттік нөмірлер алу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды.«Қазір «әдемі» нөмірлерді симметриялы цифрлық белгілермен ғана емес, алфавиттік комбинациялармен де сатып алуға болады. 15 қаңтарда «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы бұл қызметті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске қосты. Қазақстандық жүргізушілер мемлекеттік корпорацияның алдыңғы бөлімшелері арқылы симметриялы нөмірлік белгілерді таңдар алып, сатып ала алды. Бұл үшін сіз арнайы орталыққа жүгініп, өтініш беріп, мемлекеттік баж салығын төлеңіз»- деді Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында.Ресми мәліметтерге сәйкес, 2014 жылдан бастап автокөлік иелері өздерінің цифрлық белгілерімен аталатын «айна» сандарды сатып алуға мүмкіндік алды. Енді сандар немесе әріптердің қажет…

0
0
413

40-градустық аяздың пайдасы бар ма?

Астана қаласының бас дәрігері, м.ғ.д., Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас неонатологы Қарлығаш Жұбанышева 40 градус аязда вирустық инфекция немесе тұмаумен ауыру ықтималдылығы төмендейтінін айтады.«Ауа-райы өте суық болғанда, вирустық инфекциялардың жиілігі азаяды немесе әдеттегі маусымдық көрсеткіштен аспайды. Мұндай ауа-райында тұмау болмайды, көптеген вирустар мен бактериялар суықта өледі, ауруға шалдығу мүмкіндігі әлдеқайда аз», - деді Қарлығаш Жұбанышев.Көптеген ғалымдардың, соның ішінде шетелдік ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәрігердің айтуынша, минус температура адамдарға жасырақ көрінуге мүмкіндк беріп, жақсы әсер етеді.«Біріншіден, қан айналымы жақсарып, қан жақсы айналады, сондықтан біздің беттеріміз суықта қызылға айналады. Суық, аязды ауаның оттегіге б…

0
0
668